Қазақстандық балуандар Оңтүстік Кореядағы турнирде алты жүлде жеңіп алды

Сурет: ҰОК

СПОРТ
2258

Санджу қаласында (Оңтүстік Корея) күрес түрлерінен өткен Korea Open халықаралық турнирі аяқталды. Қазақстандық спортшылар бұл жарыста алты медаль жеңіп алды, деп хабарлады madeniportal.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Эльмира Сыздықова жарысты алтынмен аяқтады. Ол 76 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үздік атанды.

Грек-рим күресінде Айбек Айтбеков (60 келі) пен Диас Сейітқалиев (77 келі) финалға дейін жеткенімен, шешуші белдесулерде жеңіліс тапты. Нәижесінде күміс медаль иеленді.

Үшінші орынды Мақсат Сайлау, Темірлан Тұрдақын (екеуі де 87 келі салмақта), және Нұрасыл Аманәлі (97 келі) иеленді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық балалар ауруханасына 16 жастағы Жаркен Айжан жоспарлы ота жасату үшін өз аяғымен бар...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркияда Хатидже Ялманның қаза болардан шамамен екі сағат бұрын дүкенде жүрген сәті түсірілген бейне...