Қазақстандық гимнаст Мысырда өткен Әлем кубогы кезеңінде күміс медаль жеңіп алды

ҰОК

СПОРТ
69

Қазақстандық гимнаст Асан Салимов Каирде (Мысыр) өткен Әлем кубогы кезеңінде күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Спортшы тірек секіру жаттығуында сәтті өнер көрсетті. Финалда екі талпыныстың қорытындысы бойынша Салимов төрешілерден 14,083 ұпай алды. Бұл нәтиже оған екінші орынды әкелді.

Жеңімпаз атанған Артур Давтян (Армения) — 14,666 ұпай. Үшінші орынға Йонас Данек (Чехия) — 14,016 ұпаймен көтерілді.

Айта кетейік, осы финалда тағы бір қазақстандық Алтынхан Темірбек те өнер көрсетті. Ол бесінші орын алды. Бұған дейін ат снарядындағы жаттығуда Зейнолла Идрисов «күміс», ал Нариман Курбанов «қола» медаль жеңіп алған болатын.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал әнші Жазира Байырбекова отбасындағы қуанышты жаңалығымен бөлісті, деп хабарлады MadeniPortal...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында бірнеше күннен бері жоғалып кеткен 10 жастағы баланы іздеу жұмыстары жалғасып жатыр...