Рекордтық көрсеткіш. Қазақстан құрамасы Паралимпиаданы 9 медальмен аяқтады!

Фото: qazaqstantv

СПОРТ
1951

Қазақстандық құрама Париждегі Паралимпиада ойындарын рекордтық көрсеткіш 9 медальмен аяқтады, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Қазақстан құрамасы Паралимпиада тарихында ең сәтті өнер көрсетті. Соңғы ойындарда қазақстандық паралимпиадашылар Токио ойындарында 5 медаль жеңіп алды, алайда бұл жолы олар өткен нәтижеден едәуір асып түсті.

Екі спортшы алтынмен Паралимпиада чемпиондары атанды: Дэвид Дегтярев (Пара пауэрлифтинг), Ақмарал Науатбек (пара дзюдо). 

Қазақстандық үш спортшы күміс медальдарға ие болды: Еркін Ғаббасов (нысана көздеу), Нұрдәулет Жұмағали (пара жүзу), Ерғали Шамей (пара дзюдо).

Қола медальдарды: Дастан Мұқашбеков (ядро лақтыру), Даяна Федосова (пара дзюдо), Зарина Раифова (пара дзюдо), Жүрқамырза Шүкірбеков (пара дзюдо) жеңіп алды.

Айта кетейік, Паралимпиада ойындарының жабылу салтанаты бүгін, 8 қыркүйек күні Париждің жергілікті уақыты бойынша 20:30-да өтеді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...