Қазақстан U-19 құрамасы Сербияны жеңіп, Еуропа чемпионатының іріктеу тобында көш бастады

Фото: kff_team

СПОРТ
28

19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңінде маңызды жеңіске жетті. Салоники қаласында өткен тартысты кездесуде біздің футболшылар Сербия құрамасынан басым түсті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Ойынның 9-минутында-ақ шабуылшы Милованович дәл соққымен Сербияны алға шығарды. Алайда Қазақстан құрамасы бірден есепті теңестіруге ұмтылды. Нәтижесінде 25-минутта Төре Исмағұлов таразы басын теңестірді. Командалар үзіліске тең есеппен аттанды.

Екінші таймның басында Қазақстан құрамасы бірден екі гол соқты: 47-минутта Исмаил Бекболат Қазақстанды алға шығарса, 51-минутта ол тағы бір гол соғып, дубль авторы атанды.

Қорғаныстағы сенімді ойын Қазақстан құрамасына осы тиімді есепті сақтап қалуға және матчты жеңіспен аяқтауға мүмкіндік берді.

Естеріңізге сала кетейік, іріктеудің алғашқы матчында біздің жасөспірімдер Португалия құрамасымен 1:1 есебімен тең түсті. Ал бүгінгі жеңістен кейін олар 4 ұпай жинап, өз іріктеу тобында бірінші орынға көтерілді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылорда облысында жоғалып кеткен 6 жастағы Медина Мұратбекқызын іздеу жұмыстары екінші тәулікке ұл...

Шоу-бизнес

Қазақстандық әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарына тосын жазба жариялап,...