"Еліміздің намысын қорғай алмадым" - Сәкен Бибосынов

Фото: life09.kz

СПОРТ
2235

Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында ел болып үміт артқан тағы бір спортшымыз ширек финалда ұтылып қалды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Бүкіл әлем көз тіккен Олимпиаданың ширек финалында өнер көрсетіп, қарсыласына есе жіберіп алған Сәкен Бибосынов осы кездесуге қатысты пікір білдірді.

«Өте өкінішті болды. Алтын алам деп келіп, қолаға да қол жеткізе алмадым. Бұл жолы басты қарсыласымнан есемді қайтарам деп ойлағанмын. Бәрі керісінше болды. Шаршы алаңда барымды салдым. Бірақ төреші қарсыласымының қолын көтерді. Демек, сол жеңді. Мен еліміздің намысын қорғай алмадым», - деді жекпе-жектен кейін Сәкен Бибосынов.

Айта кетейік, боксшы Нұрбек Оралбай үздік нәтиже көрсетіп, 80 келі салмақта отандасымыз ширек финалда Әзербайжан боксшысы Мурад Аллахбердиевті ұтып, жартылай финалға шықты.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...