Испанияның Bola VIP сайты алматылық «Қайрат» пен мадридтік «Реал» арасындағы...
UFC-дің бұрынғы чемпионы Еркебұлан Тоқтарға жекпе-жекке шығуға шақырды
ашық дереккөз
UFC-дің бұрынғы чемпионы, америкалық файтер Энтони Петтис қазақстандық танымал ММА спортшысы Еркебұлан Тоқтарға жекпе-жекке шығу туралы ұсыныс жасады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Ал Тоқтар бұл шақырудан бас тартқан жоқ, деп хабарлайды Tengri Sport спортшылардың әлеуметтік желідегі жазбаларына сілтеме жасап.
2013 жылы UFC ұйымының жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуін жеңіп алған Энтони Петтис қазір Алматыда жүр. Ол қазақстандық файтер Әділ Боранбаевмен өтетін жекпе-жекке дайындалуда.
Әлеуметтік желідегі жазбаларына қарағанда, америкалық спортшыға Қазақстан қатты ұнаған сияқты. Тіпті ол мұнда бір ғана емес, бірнеше жекпе-жек өткізуге дайын екенін аңғартты.
«Еркебұлан, қайдасың? Келесі кезек – сенікі», – деп жазды Петтис.
Тоқтар бұл үндеуге бірден пікір қалдырып, өзінің басқа қалада жүргенін айтты. Кейін ол жеке парақшасында қысқа жазба жариялады.
«Кеттік, чемпион!» (Let’s go, champ), – деп жауап берді Еркебұлан Тоқтар.
Айта кетейік, Энтони Петтис Қазақстанға келгенге дейін 2022 жылдан бері октагонға шықпаған. Сол жылы ол PFL турнирінің жартылай финалында Стиви Рэйге төрешілер шешімімен есе жіберген болатын.
39 жастағы америкалық спортшының кәсіби ММА мансабында 25 жеңіс пен 14 жеңіліс тіркелген.