Санжар Тәшкенбайдың Азия ойындарына қатыспайтыны белгілі болды

ашық дереккөз

СПОРТ
97

Бокстан әлемнің екі дүркін чемпионы Санжар Тәшкенбай қыркүйекте Жапонияда өтетін Азия ойындарына қатыса алмайды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Бокс бағдарламасында Санжар өнер көрсететін салмақ қарастырылмаған.

Айта кету керек, Азия ойындарының ерлер бағдарламасында небәрі алты салмақ дәрежесі қарастырылған, ең жеңілі 55 келіден басталады. Ал, Санжар Тәшкенбай 50 келіде жұдырықтасады.

«Олимпиадалық бағдарламаға 50 келіні қоспау туралы шешім Халықаралық Олимпиада комитеті мен World Boxing ұйымының бірлескен шешімі. Азия құрлығында жеңіл салмақ боксшылары арасында бәсекелестіктің жоғары екенін ескерсек, бұл елдердің федерациялары 50 келіні жарыс бағдарламасына қосу мәселесін әлі де ұсынып келеді. Дегенмен, нақты шешім қабылданған жоқ», - деп мәлімдеді Қазақстан бокс федерациясы Tengri Sport тілшісіне берген жауабында.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданындағы Меңкесер көлінде бір айда демалуға барған екі адамның...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген әлемдік DIMENSIONS туры аясында Перуде концерт береді, деп хабар...