Миланда XXV Қысқы Олимпиада ойындары салтанатты түрде ашылды

Фото: Olympic.kz

СПОРТ
435

Италияның Милан қаласында XXV Қысқы Олимпиада ойындарының ресми ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Биыл Қысқы Олимпиада тарихында алғаш рет Олимпиада алауы екі қалада бір мезетте жағылды. Негізгі алау Миландағы Триумф аркасында тұтанса, екінші алау Кортина-д’Ампеццо қаласындағы Пьяцца ди Бонада алаңында жағылды. Ашылу рәсімі «Armonia» («Гармония») атауымен өтті.

Салтанатты бағдарлама аясында ұлттық құрамалардың шеруі де ерекше форматта ұйымдастырылды. Қазақстанның Мемлекеттік Туын шорт-трек спортшысы Денис Никиша Миландағы негізгі сахна Миланда, ал фристайл-могулдан Аяулым Әміренова шаңғы жарыстары өтетін Ливиньо алаңында алып шықты. Осылайша, ту көтеру рәсімі де бір уақытта екі жерде жүзеге асты.

Милан–Кортина Қысқы Олимпиадасында Қазақстан атынан 10 спорт түрі бойынша 36 спортшы бақ сынайды. Оның 18-і ерлер, 18-і әйелдер құрамасында. Жалпы ойындарға 93 елден 3000-ға жуық спортшы қатысып, 16 спорт түрі бойынша 116 медаль жиынтығы сарапқа салынады. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақ театр өнерінің көрнекті өкілі, Қазақстанның халық әртісі, белгілі режиссер әрі педагог Есмұхан...

ӘДЕБИЕТ

Гүлмира Сүйекенова 1978 жылы Атырау облысы, Махамбет ауданында дүниеге келген. Ақын. Х. Досмұхамед...