“Соңына дейін алуым керек”: Елдос Сметов мәлімдеме жасады

Фото: видеодан скриншот

СПОРТ
467

Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов үлкен спорттағы мансабын жалғастырып, 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына қатысуға шешім қабылдағанын айтты, деп хабарлайды Madeniportal.kz.

33 жастағы спортшы үшін Лос-Анджелес Олимпиадасы мансабындағы төртінші Олимпиада ойындары болуы мүмкін. Сметов Париждегі тарихи жеңістен кейін спортпен қоштаспау туралы шешім қабылдағанын жеткізді. Оның айтуынша, үлкен спортта әлі де бағындыратын белестер бар. Сондықтан ол қолда бар мүмкіндікті барынша пайдаланғысы келеді.

Төртінші Олимпиадаға баруға мүмкіндік бар. Сол мүмкіндікті барынша пайдалану үшін үлкен спорттағы мансабымды жалғастыру туралы шешім қабылдадым. Қазақта «Алтын шыққан жерді белден қаз» деген сөз бар. Менің өмірімде алтын шыққан жер – спорт, оның ішінде дзюдо. Бұл жерде алтын бар, сондықтан оны соңына дейін алуым керек, – деді Елдос Сметов.

Олимпиада чемпионы жоғары нәтижеге жетудің артында үлкен еңбекпен қатар денсаулыққа түсетін салмақ та бар екенін жасырмады.

Маған тиесілі, маған қажет алтынды алуым керек. Өйткені мен сол үшін алтыннан да қымбат дүниені беріп жатырмын. Ол – менің денсаулығым, – деді спортшы. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысының Есіл ауданында интернет арқылы букмекерлік кеңселерге бәс тіккен екі мемлекеттік қы...

ЖАҢАЛЫҚТАР

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап дәрігерлер мен өзге де медицина мамандары денсаулығына зиян келген жағ...