Спорттағы серіктестік: Головкин мен FIBA бас хатшысы Қазақстандағы баскетбол жайлы пікір алмасты

Сурет: ҰОК

СПОРТ
1592

Астанада Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин мен Халықаралық баскетбол федерациясының (FIBA) бас хатшысы Андреас Загклис арасында кездесу өтті, деп хабарлады  MADENIPORTAL.KZ.

Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитеті жариялады.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Баскетбол ұлттық федерациясының президенті Абай Алпамысов та қатысты.

Кездесу барысында тараптар Қазақстандағы баскетболдың қазіргі даму деңгейін, ұлттық құрамалардың дайындық барысын, сондай-ақ 3х3 дисциплинасының даму перспективасын талқылады. Әсіресе, 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына баса назар аударылды.

Аталмыш жарыста 3х3 баскетболынан ерлер мен әйелдер құрамаларының саны 8 командадан 12-ге дейін ұлғаятыны атап өтілді.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Арман Исагалиев Қазақстан Республикасы сыртқы істер минист...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді. Ресми емес мәлімет бойынша, ол да бала, деп хабарлады MadeniPor...