«Қайрат» футбол клубының жас жұлдызы, 17 жастағы Дастан Сәтпаев келесі жылы Қазақстанның...
1 билетке 4 матч: «Сабах» үй матчтарына билет сатылымын бастады
Фото: ЖИ/MadeniPortal.kz
Әзербайжанның «Сабах» футбол клубы УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі үй матчтарына арналған бірыңғай билеттерді сатылымға шығарды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Клубтың жанкүйерлері бір билет арқылы Бакудегі Олимпиада стадионында өтетін төрт кездесуді тамашалай алады. «Сабах» өз алаңында Праганың «Славиясын», Дортмундтың «Боруссиясын», Испанияның «Барселонасын» және Италияның «Наполиін» қабылдайды.
Бірыңғай билеттердің бағасы 35-тен 285 манатқа дейін белгіленген. Яғни, 9 мыңнан 75 мың теңгеге дейін. Клуб өкілдерінің айтуынша, билеттердің сатылымы кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр. Мұндай шешім жанкүйерлерге төрт ойынның барлығына алдын ала орындарын қамтамасыз етуге мүмкіндік беру үшін қабылданған.
«Сабах» баспасөз қызметі алғашқы сатылым кезеңінде ұсынылған билеттердің қысқа уақыт ішінде сатып алынғанын хабарлады. Дегенмен, клуб билеттер толық таусылған жоқ екенін атап өтті. Сатылым кезең-кезеңімен жалғасады.
Билеттер тек QR-код форматында беріледі. Сатып алған жанкүйер стадионға кіру үшін билетті рәсімдеген аккаунт арқылы iTicket.AZ мобильді қосымшасына кіруі қажет. QR-кодтар тиісті матч өтетін күні ғана белсендіріледі.
«Сабахтың» Чемпиондар лигасындағы үй ойындарының күндері де белгілі. Бакулік клуб 13 қазанда «Славиямен», 20 қазанда «Боруссия Дортмундпен», 25 қарашада «Барселонамен», ал 20 қаңтарда «Наполимен» кездеседі.
Клубтың мәліметінше, бір билетпен төрт үй кездесуіне кіру мүмкіндігі жанкүйерлерге әр матч алдында билет іздемей, маусымның маңызды ойындарына орындарын алдын ала қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.