Бүгін, 6 маусымда футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Армениямен жолдастық матч өткізеді, деп хабарл...
Темірлан Анарбеков тағы қайталады: “Қайрат” пенальти сериясында жеңіске жетті
Фото: әлеуметтік желіден
«Қайрат» Чемпиондар лигасы іріктеу кезеңінің үшінші айналымына өтті. Өз алаңында «Омонияны» қабылдаған алматылық клуб жалпы нәтижеде тең түсіп, пенальти серисында жеңіске жетті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Бір апта бұрын Кипрде өткен алғашқы ойында «Омония» 1:0 есебімен жеңген еді. Қарымта матч та дәл осындай есеппен «Қайраттың» пайдасына шешіліп, келесі кезеңге кімнің өтетіні пенальти сериясында анықталды.
Айта кетейік, ойынның 26-минутында кипрлік клубтың шабуылшысы Андроникос Какулис дөрекі ойнағаны үшін төреші оған «қызыл қағаз» көрсетті. Бір футболшыға артық ойнаған «Қайрат» мүмкіндікті дұрыс пайдаланып, 37-минутта гол салды. Гол авторы – тоғызыншы нөмірлі Эдмилсон. Бірінші таймда соғылған голдан кейін екінші таймда да есеп өзгермей, матч экстра-таймда жалғасты. Бұл кезде де қарсылас екі команда бір-біріне ешқандай мүмкіндік бермеді. Пенальти сериясында «Қайрат» қақпашысы Темірлан Анарбеков «Омонияның» шешуші соққысын қайтарып, командасына жеңіс алып келді. Дәл сол сәт Темірлан Анарбектің бір жыл бұрын командасына топтық кезеңге жолдама сыйлаған сейвін еске түсірді.
Үшінші айналымда алматылық клуб «Левски» (Болгария) — «Университатя Крайова» (Румыния) жұбының қай жеңгенімен кездеседі.