Ұлттық құрамадан кетті: Әли Әлиев ҚПЛ клубының бас бапкері болды

Фото: әлеуметтік желіден

СПОРТ
464

Қазақстан футбол құрамасының бұрынғы бас бапкері Әли Әлиев елордалық "Жеңіс" футбол клубының бас бапкері қызметіне ауысты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Клубтың баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 45 жастағы маманмен бір жыл мерзімге келісімшарт жасалған.

"Жеңіс" клубында жаңа бас бапкердің мол тәжірибесін, тактикалық дайындығын және амбициясын атап өтіп, команда оның жетекшілігімен табысты ойын көрсетіп, алға жылжиды деп үміттенетінін жеткізді. Сондай-ақ клуб өкілдері бірлескен жұмыс қойылған мақсаттарға қол жеткізуге және жаңа маусымда жанкүйерлерді нәтижемен қуантуға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

Біз бапкерімізбен бірге жаңа сын-қатерлерді еңсеруге және жанкүйерлерді жарқын жеңістермен қуантуды мақсат етеміз! — делінген клубтың жазбасында. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Оңтүстік Кореяда өрт кезінде жоғалып кеткен қазақстандықтың сүйегі табылды, деп хабарлады MadeniPort...

ПРОЗА

Қой атаулының түрі көп, кескін-келбеті де, бітімі де бір-біріне ұқсамайды. Соның ішінде менің көңілі...