Аралас жекпе-жек әлемі орны толмас қазаға ұшырады – соққы техникасының әйгілі шебері Эдди Ча 54-ке қараған шағында мезгілсіз дүниеден озды.
Өлім себебі әзірге ресми түрде жарияланған жоқ.
Ча көп жыл бойы Глендейлдегі (Аризона штаты, АҚШ) Fight Ready MMA клубында тік тұрып айқасу техникасы бойынша бас жаттықтырушы болып қызмет етті әрі UFC-дегі соққы техникасы жөніндегі үздік мамандардың бірі саналды.
Эдди Ча Оңтүстік Кореяда дүниеге келген, үш жасында Калифорнияға көшіп, төрт жасынан бастап әкесінің қол астында жекпе-жекпен айналысқан.
Кәсіби покер ойыншысы мансабынан кейін ол өзін толықтай жаттықтырушылыққа арнады: алдымен Калифорнияда All In MMA залын ашты, кейін Аризонаға қоныс аударды.