Сондай-ақ Мөлдір Әшірбекова Қазақстан тарихындағы ММА бойынша еліміздің шыққан тұңғыш әлем чемпионы...
Ұлан Қонысбаев мүмкіндік болса Станислав Черчесовты бірінші болып қуғысы келетінін айтты
Фото: kazfootball.kz
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының экс-ойыншысы Ұлан Қонысбаев Euro-football.ru сайтына берген сұхбатында Станислав Черчесов бастаған ұлттық құраманың ойындарына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды madeniportal.kz Ulyssport.kzтілшісіне сілтеме жасап.
Ресейлік маманның жетекшілігімен Қазақстан құрамасы алты кездесу өткізіп, бір рет тең түсіп, бесеуінде жалпы 0:15 есебімен жеңілген еді.
«Егер менде мүмкіндік болса, мен бірінші болып Черчесовты қуар едім. Не үшін десеңіз, ұлттық құрамада не болып жатқанына, әсіресе команданың қалай ойнайтынына қарасаң-ақ жауабы белгілі», дейді Қонысбаев.
Еске сала кетсек, Черчесов ұлттық құраманың бапкері ретінде осы жазда қызметіне кіріскен. Ресейлік маманның жаттықтыруымен команда Ұлттар лигасының В3 лигасында соңғы орынды иеленіп, турнирде төмен сырғып, С дивизионына өтті.
Ал Ұлан Қонысбаев 2011-2016 жылдар аралығында Қазақстан құрамасының намысын қорғағанын айта кетейік. Ұлттық құрама жейдесінде футболшы 32 кездесу өткізіп, үш гол соққан.