Ұлттық құрамасын тастап кетіп қалған Роналдуды қатаң жаза күтіп тұр

Фото: әлеуметтік желіден

СПОРТ
239

Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду ұлттық құрама сапынан мерзімінен бұрын кеткені үшін қатаң жазаға тартылуы мүмкін,  деп хабарлайды MadeniPortal.kz Sn.kz-ке сілтеме жасап. 

Португалия футбол федерациясының (FPF) тәртіптік регламентіне сәйкес, ресми шақырту алғаннан кейін маңызды себепсіз ұлттық құраманың орналасқан жерінен кетіп қалған немесе жаттығуға, матчқа не ұлттық команданың басқа да іс-шарасына келмеген ойыншыға бір айдан алты айға дейін дисквалификация тағайындалуы мүмкін.

Кәсіпқой футболшыларға бұдан бөлек 5-тен 10 шартты бірлікке дейін - шамамен 500-ден 1000 еуроға дейін айыппұл қарастырылған.

Сонымен қатар, регламенттің 160-бабының 2-тармағында ойыншы құраманың орналасқан жерінде болмаған немесе одан кетіп қалған жағдайда автоматты түрде уақытша шеттетілуі мүмкін екені жазылған.

Бұған дейін Роналду Португалия құрамасының оқу-жаттығу жиынынан кетіп қалған болатын. Бас бапкер Жорже Жезуштің шабуылшымен ешқандай жанжал болмаған. Алайда Роналду бапкердің өзін Норвегиямен матчқа қатыстырмау шешіміне наразы болған. 

Енді Португалияның бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары Роналдудың ұлттық құрамадағы карьерасын аяқтауы мүмкін екенін хабарлады. 

СПОРТ

Қазақстан ұлттық құрамасы бүгін Молдоваға қарсы кездесу өткізіп, 1:2 есебімен жеңіліп қалды, деп хаб...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда тоғыз жастағы балаға сексуалдық сипаттағы әрекет жасады деген күдікпен ер адам ұсталды, деп...