Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады

Фото: әлеуметтік желіден

СПОРТ
720

Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы алдағы маңызды жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

«Белес бағындыру үшін адамға тәуекел керек! Құр тәуекел де жеткіліксіз! Шың жолында сабырлық, табандылық және шыдамдылық қоса қажет. Қазір мен үшінші белбеу шыңына беттеп барамын! Тәжірибе бар, тәуекел етудемін! Енді сабырлық пен табандылық режимін қосуым керек!» - деп жазды боксшы өзінің парақшасында.

Спортшы өзінің басты мақсаты абсолютті әлем чемпионы атану екенін тағы еске салды.

«Осы жолда әртүрлі қиындықтар кезігуде. Оңай жерде белбеу жоқ. Бірақ жарты жолдан қайтатын мен емес! Күш бар, мақсат айқын! Көрінген таудың алыстығы жоқ!  Құдай қаласа, 4 белбеу шыңын бағындырып, көк туды желбіретіп тұрып тарих жасаймыз! Әрнәрсе болу керек уақытында болады! Сабырлы жетер мұратқа!» - деп түйіндеді сөзін ол. 

Шоу-бизнес

Әнші Наркенже Серікбаева желідегі парақшасында жазбаларымен оқырмандарын ойландырып қойды, деп хабар...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде Джеки Чанның командасының Ақтауға келгені туралы ақпарат берілген видео пайда болд...