«Жүрегім бос емес»: Әлем чемпионы Төрехан Сабырхан жеке өмірі туралы айтты

Фото: әлеуметтік желіден

СПОРТ
1266

Ливерпульде өткен әлем чемпионатының алтын жүлдегері Төрехан Сабырхан "1001 түн" бағдарламасында жанкүйерлердің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

Бағдарлама барысында спортшыдан жеке өміріне қатысты сауал да қойылды.

"Қазіргі таңда жүрегіңіз бос па?" деген сұраққа Сабырхан: "Жоқ, бос емес. Маған ұнайтын бір қыз бар", деп жауап берді.

Айта кетейік, финалда 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Сабырхан жапониялық Севон Окадзавамен кездесіп, төрешілердің бөлек шешімі бойынша жеңіске жеткен болатын.

Төрехан Сабырхан – жастар мен жасөспірімдер арасында төрт дүркін Азия чемпионы. Бұл — құрлық боксы тарихындағы бірегей нәтиже. Сонымен қатар ол 2025 жылдың сәуірінде кәсіпқой рингте дебют жасап, жеңісті жолын бастаған болатын. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...