Әлемді жаулаған «COVID-19» дертінен кейін...

ТАНЫМ
7811

Әлемді жаулаған "COVID-19" дертінен кейін өмір өзгереді деп жер-жаһан жар салуда. Өмір шынында да, өзгере ме?! Өзгерсе, қай жағынан өзгермек?! Күнделікті өмір сұру салтымызға аяқ астынан енген өзгерісті қалай қабылдамақпыз? Ішіп отырған шайыңыздың орнына енді тек қайнатылған жеміс шырынын ғана пайдалана аласыз десе, қайтпекпіз?! Сөзсіз шайсыз қалай болар екен деп ойланып қаларсыз?.. Әрине... Әлем өзгереді дегенде, бізді қандай жаңалықтар күтіп тұр? Көз алдыңызға не келді? Экономиканың тұралауы, инфляция, тұралаған нарық жайы ма?. Онда сіз әлі өзгермеген екенсіз...
Сізге дәл қазір бір түймені басу арқылы Марсқа барып келесіз десе, сенесіз бе? Жоқ! Компьютеріңізден жемістердің суретін таңдап, шырынға айналдырып, принтеріңізден шығарып, іше бересіз десем, сенер ме едіңіз? Нанды да принтерден шығарып аласыз десем ше? Дәл қазір маған алаңдап, таң қалып, қарайтыныңызды да білемін. Иә, күлмеңіз. Мен тек бұл әлемдік ақпаратты сізге қазақ тілінде жеткізушімін. 
Он жыл өткен соң бұл әңгімем ақиқатқа айналғанда сіз осы сөзімді еске алып, "ғажайыпқа" сенуге болады екен-ау деп көз жеткізесіз. Ал мен қайтер екенмін?.. Мен бе? Он жылдан кейін бұл зерттеулер мен ғылыми баяндауларды ана тілімде оқырмандарыма қалай жеткіземін деп жан салып, аудармаға кіріскенімді еске аламын ба? Әлде ол кезде "осыны да жаңалық" деп жар салыппын-ау деп, ұсынған мәліметіме күле қараймын ба?.. Кім білсін?..
Мүмкін ол уақытта келешек ұрпақтың технологиялық революциясын әңгімелейтін болармыз. Тек аударма жасайды деп ойламаңыз. Себебі он жылдан кейін болжамым бойынша елімізде ағылшынтілді адамдарымыздың саны артады. Оны күнделікті өмірде еркін қарым-қатынас тілі ретінде қолдана беретін боламыз. Ағылшын тілімен бірге біз әлемнің басқа да тілдерін, сонымен қатар, "технологиялар тілін" үйренеміз... 
Бізге ол кезде тек ғылым көмекке келеді. Ғылым! Ғылымсыз ешкім алға жылжи алмайды. Ол үшін әрбір адам  терең білім алып, талмай ізденуі  керек.
Қадірменді оқырман, Мен аударып отырған бұл еңбек адамзат баласының ойлау қабілетінің шексіз екендігін көрсетеді. Болашақта 3D ғана емес, 5 D, 11 D технологиялар пайда бола беретініне сенемін. Біздің де жастарымыз әлем гуманитарлары мен технократтарының алдыңғы қатарынан көрінсе екен... 
Технократтар технологияны дамытқанымен, гуманитарлар жүректерге мейірім себуге қызмет етеді ғой. Әлем мейірімнен құралғанда ғана - әлем! Технократтар да, гуманитарлар да жасасын!

Т.РОИ. ЖЕКЕМЕНШІКТІ ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫ МЕН  3D ПРИНТЕРІ

(БІРІНШІ ТАРАУ)

«Адам - ештеңе өндірмей, тек тұтынатын жалғыз жаратылыс»
Джордж Оруэлл, жануарлар фермасы.

3D баспа технологиясы әрбір адамға өзінің үйінде, 3D принтермен жабдықталған кез-келген жерде өзіне қажетті түрлі тағамды, дәрі-дәрмектерін, жеміс шырындарын өздері қалағанынша әзірлеп, принтерден шығарып алуға мүмкіндік береді. 2012 жылдың басында мен Иззелдің "Обзет" компаниясының офисіне кіруге  шақырту алдым. Түрлі материалдар шығаратын, өндіріс саласында жұмыс істейтін достарымнан "бұл компания немен айналысады?" деп сұрағанымда, олар "сиқыр" деген бір ғана сөзбен ғана жауап берді. "Обзет" компаниясы "магиямен" ("сиқырмен") айналысады екен.Көрнекі фотосурет 3dpulse.ru алынғанКомпанияның кеңселері мені тым қатты таңдандырған жоқ. Ғимарат басқа жерде орналасқан компаниялар сияқты қарапайым, үлкен кеңсе кеңістігіне ұқсады. Компания туралы қысқаша таныстырғаннан кейін компания инженерлерінің бірі мені өзімнің көптен көргім келіп жүрген ғажап өндіріс орнына алып келді. Нағыз сиқыр осында екен... Үлкен залда принтерлер көптеп қойылып, әрбір бұрышқа ірі машиналар орналастырылыпты.
 
Мұнда адамдардың у-шуына қарап, олар көп болар деп болжадым. Әйтсе де, есіктерін айқара ашып, қарсы алғанымен арнайы материалмен қапталғандықтан өндіріс орнына өту мүмкін емес еді. Мөп-мөлдір. Мен сол есіктің мөлдір қабығы арқылы ар жақта не болып жатқанын мұқият бақылауға кірістім. 
Әртүрлі принтерлер  зергерлік бұйымдарды, көлемі үлкенді-кішілі түрлі қалыптарды, ұялы телефондарды, тіпті аяққа, қолға киюге арнайы тапсырыспен жасалатын протездерге дейін шығарып жатты.
 
Принтерге компьютер арқылы өндірістік нұсқаулар беріледі екен. Алдымен компьютерге не қажет екендігі енгізіліп, өндірілетін бұйымдар үшін сипаттамалар жазылады. Компьютердің берген нұсқауы бойынша бірнеше сағаттың ішінде-ақ, бұл заттар пайдалануға жарамды дайын заттарға тез айналып жатты. 
Ең ғажабы әрі маңыздысы: бұл принтерлер кез-келген затты бір мезетте өзіңіз қалағандай, қаншасы қажет болса да, соншалықты ауқымда басып шығара алатындығында. 
Сонымен қатар, мұндай принтерлермен үйде де кез келген жұмысыңызды істей аласыз.   
Білім мен ізденудің, әрі талантты ғылымға айналдырудың арқасында біз аз еңбек етіп-ақ, өзімізге қажет кез келген өнімді шығара аламыз. Бұл мүмкіндікке біз 3D принтердің "сиқырымен" қол жеткіземіз.   

(жалғасы бар)

Ағылшын тілінен аударған:
Арай Жүндібаева, философия (PhD) докторы, 
қауым.профессор, әдебиет сыншысы

 Рұқсатсыз жариялауға болмайды

author

Арай Қанапияқызы

ҒАЛЫМ

Спорт

Қазақстандық боксшы Дулат Бекбауов 67 келіге дейінгі салмақта Азия чемпионатының жартылай финалына ш...

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...