Сіз мән бере бермейтін психикалық ауытқушылық белгілері

ТАНЫМ
4010

Әлемде әрбір төртінші адам психикалық бұзылыстарды басынан өткеруде.

ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасында қоғамдық денсаулық қызметінің негізгі функцияларының ішінде психологиялық денсаулықтың ауытқуына мән беру керектігі айтылады. Әлемдік сипат алған мұндай ауруларға бей-жай қарауға болмайды.

Жер жүзіндегі әрбір төртінші адамда психикалық ауытқушылық кездесетін көрінеді. Ал ең қауіптісі мұндай дерттің 70 %-ы 25 жасқа дейін дамиды. Сонымен қатар, «психикалық» сырқаттанғандардың 2/3 бөлігі арнайы ем алуды жөн санамайды.

Тағы да статистика...

Нақты көрсеткішке жүгінер болсақ, дүние жүзінде 1,1 млрд адам (екі жыл бұрынғы  нәтиже) психологиялық ауытқушылыққа тап болған. Мұндай ауытқушылықтың 300-ден аса түрі кездеседі екен. Зерттеушілер олардың ішінде ең кең таралғандары мыналар дейді:

- мазасыздық бұзылыстары – 275 миллион;
- депрессия – 268 миллион;
- алкогольді пайдаланудан туындаған ауытқушылық (алкоголизм) – 100 миллион;
- биполярлы ауытқушылық – 40 миллион;
- шизофрения – 21 миллион;
- тамақ қабылаудағы бұзылыс (анорексия мен булимия) – 10,5 миллион.

Ілгерідегі ауруларды басқа медициналық дерттер секілді белгілерін дәл анықтап, емдеу қажет етіледі. «Өтеді де шығады» деген соқыр сеніммен сергелдеңге түсудің арты немен аяқталарын болжау қиын. Бұл ауытқуларға ешқандай дәрі көмекке келмейді, сол сияқты ыстық шай де жаныңызды жайландыра алмайды.

Психикалық ауытқудың белгілері

Менталды ауытқудың көп таралуына қарамастан, оның нақты белгілері толық анықтала қойған жоқ.

Барлық психикалық процесс – миға қатысты болуына орай, ол биологиялық ауруға жатқызылады. Ми – ақыл-ой ағзасы. Сол себепті психикалық бұзылыстардың барлығы мимен ұштасып жатыр.

Өкінішке қарай, мұндай сырқаттарды басқа аурулар секілді қан анализінен анықтау мүмкін емес. Оған қосымша, аурудың дамуы жекелей жүріп, мінез-құлыққа тәуелді болғандықтан, диагностика жасау күрделене түседі.

Жалпы белгілері

Mental Health America қоғамдық ұйымы назар аудартатын қауіп дабылдарының тізімін жасап шығарыпты:

•    ойлардың шатасуы;
•    ұзаққа созылған депрессия, қайғы немесе ашуланшақтық;
•    жоғары қозғыштық немесе белсенділіктің бірден төмендеуі;
•    шамадан тыс мазасыздық, мезі болған үрей;
•    әлеуметтік оқшаулану;
•    күнделікті тамақтанудың бұзылысы мен күн тәртібіне байланысты ауытқулар;
•    галлюцинация;
•    бұрын оңай орындалып жүрген тапсырмалардың аяқ астынан күрделеніп кетуі;
•    суицидтік ойлар;
•    себепсізден-себепсіз физикалық әлсіздік;
•    қолдануға болмай препаттар мен алкогольге жүгіну. 

Осы тізімдегі екі белгінің өзі арнайы маманға жүгінуге себеп деп біліңіз. Сол сайтта депрессияға, тамақ қабылдаудың бұзылысына және тағы басқа ауытқушылыққа арналған тест бар. Өтіп көріңіз.

Депрессия белгілері

Депрессия – өте қауіпті аурудың бір түрі. Ең қиын формасы сиуцидтік ойларға жегіп қояды. Сол сияқты сіз ойлап көрмеген күрделі проблемаларға (биполярлы ауытқушылық) жетелеуі ықтимал.

Осы тізімдегі екі немесе одан да көп белгілерді өзіңізден, жақын туыстарңыздан байқасаңыз дәрігерге жазылыңыз:

•    ойлардың шатасуы;
•    ұзаққа созылған депрессия, қайғы немесе ашуланшақтық;
•    жоғары қозғыштық немесе белсенділіктің бірден төмендеуі;
•    шамадан тыс мазасыздық, мезі болған үрей;
•    әлеуметтік оқшаулану;
•    күнделікті тамақтанудың бұзылысы мен күн тәртібіне байланысты ауытқулар;
•    галлюцинация;
•    бұрын оңай орындалып жүрген тапсырмалардың аяқ астынан күрделеніп кетуі;
•    суицидтік ойлар;
•    себепсізден-себепсіз физикалық әлсіздік;
•    қолдануға болмай препаттар мен алкогольге жүгіну.

Facebook-депрессия дегенді естіп пе едіңіз? Мұндай адамдар жазуылушыларын бақылап, олардың «керемет» өміріне қызғана қарап, өзінің қызықсыз өмірінен түңіледі.

Депрессия қолды бір сілтеп, қоя салатын дерт емес. Оның салдары сіз күтпеген проблемаларға тап қылуы мүмкін.

Қосымша. Жүйке анорексиясы

Бұл ауытқушылыққа сымбатты қыздардың өз мүсініне көңіл толмаушылықты жатқызуға болады. Олар айнаға қарап «семіз пілді» көргендей, сезімге бөленеді. Бұл аурудың арты өте қайғылы аяқталуы ықтимал. Сондықтан, адам өзі ойынан жасап алған «идеал» мүсінді ұмытқаны дұрыс. Бұл дерттен айығу аса қиындық тудыратынан естен шығармаңыз.

Сексуалды ауытқушылық

Эксгибиционизм, вуайеризм, фроттеризм, патологиялық сексуалды агрессия,  трансвестизм, мазохизм, садизм... Бұл аталғандардың барлығы ауытқушылықтың белгілері...

Клептомания

Бұл дүкен құмарлар тап болатын аутқушылық. Клептоманияға орта табысты адамдар көп ұшырайды екен.

Неврастения

Неврастения – ұзақ психикалық немесе физикалық жүктемеден туындайтын астеникалық невроз. Бір қызығы, неврастенияға әйел адамдардан гөрі, ер адамдар көбірек шалдығады. Әрине жан дүниеміздегі дауылдың лезде өте шыққаны қалыпты құбылыс болып саналады. Бірақ, оның арты бас ауруына, әлсіздікке, шаршау мен сенімсіздікке, ұйқының бұзылуына, бас айналуға, тамақ қорытудағы қиындақтарға әкелсе, дәрігерге жүгіріңіз. Айтпақшы, неврастенияны көпшілікке белгілі шизофрениямен шатастыруға болмайды. Шизофрения ақыл-ойды, эмоцияны, мінез-құлықты өз торына түсірумен күрделі болып есептеледі. Оның анық белгілері ретінде – галлюцинация, негативизм, тұйықтаушылық мен апатия саналады.

Биополярлы ауытқушылық

Биополярлы ауытқушылық немесе желікпе (маниакалды)-депрессиялы психоз тағы бір кең таралған психикалық ауытқушылыққа жатады. Ауруды алдымен жақсы көңіл-күйден, науқастың сөйлеу белсенділігінен аңғаруға болады. Бұл типтегі жандар көп сөйлеп, әзілдеп, күліп, қалжыңдасып, көптеген істі қолға алады. Алайда, ол шаруалардың барлығы аяқсыз қалып жататыны бар.

Мазасыздық бұзылысының жалпы белгілері

Мазасыздық барлығымызда болып тұратын таныс күй. Маңызды әңгімелесуге барарда немесе көпшіліктің алдына шығып сөз сөйлерде осындай жайсыздықты бастан өткереміз.  Бұл – қауіптің белгісі емес. Алайда, ол психикалық ауытқушылыққа дейін жетіп, сіздің өміріңізді қиындатып жіберуі мүмкін. Егер өзіңізден төмендегі белгілерді байқасаңыз, маманға жазылыңыз.

•    ұдайы мазасыздық немесе күйгелектік;
•    тез шаршау;
•    тітіркеніштік;
•    өзіңді бақылауда ұстаудың қиындығы;
•    өз алаңдаушылығыңды бақылай алмау;
•    бұлшықеттердің тырысуы;
•    ұйқымен байланысты проблемалар (ұйықтаудың қиындығы, ұйқыдан ояна алмау, ұйқының бұзылуы).

Проблеманы тек жалпылама белгілер ғана емес мына паникалық ауытқушылықтар да анықтауға көмегін тигізеді:

- Паникалық бұзылыс – түсініксіз қорқыныштардан (паникалық шабуыл) күтпеген ұстамалардың (көкірек тұсының ауруы, жүрек соғысының жиілеуі, демікпе, бас айналу) пайда болуы. Кейде паникалық шабуылдар жүрек ұстамаларымен имитациялануы мүмкін.

- Әлеуметтік ауытқушылық (әлеуметтік фобия) – қатты қорқыныштың туындауы, әртүрлі әлеуметтік жағдаяттардан туындаған мазасыздық (жаңа тыныстық, публика алдында сөйлеу, қоғамдық орында тамақтану).

- Обсессивті-компульсивті бұзылыс – адам әртүрлі әрекеттер арқылы бас қатыратын ойлардан қашуға тырысуы.

- Посттравматикалық стресс – ұрлау, тонау, зорлау, жақын адамыңнан айырылу секілді психологиялық жарақаттардан келген ұзақ уақыттық күйзелсі болып табылады.

- Фобия – адам өздігінен белгілі бір жағдайдың немесе заттың алдында үрейленуі, қорқыныштары. Фобияның мынандай түрлері бар: aгоpaфобия – кең көшелеp мен aлaңдapдaн қоpқy; клayстpофобия –  жaбық бөлмеде қaлy үpейi; монофобия – жaлғыз қaлyға жүрексіну, кеpiсiнше, aнтpопофобия – көп кiсiлеpден қоpқy; нозофобия- ayыpyдaн қоpқy, эpейтофобия – қоғaм aлдындa ұялy, қызapy. 

Қоғамда бұл ауру  туралы дұрыс емес көзқарастар қалыптасқан

Депрессия – «терең ойдың тұңғиығына түсіп, терезе алдында кофе ішу» емес. Кейбір адамдар сүйікті сериалындағы кейіпкер қаза тапқанда не сынып қалған тырнағы үшін күйзеліске түсіп, қайғырып кететін күйімен шатастырып жататын көрінеді. Осыған ұқсас бірнеше мысалдарды тоқтаусыз келтіре беруге болады. Бұл жердегі депрессия түсінігі тым жеңілдеп кеткен. Ондай адасуларға түспес үшін біз жоғарыда келтіріп кеткен нақты белгілерді бойыңыздан іздеуге тырысыңыз.

Психикалық ауытқушылығы бар адамдарға ерекше қарым-қатынас

«Есінен адасқан», «псих» секілді жалаң сөздерді жұқтырып алмас үшін, адамдар өзіндегі проблемаларды ашып айтып, арнайы маманның алдына баруға жүрексінетіні  рас. Алайда, әдепсіздікке жол беретін адамдардға сіз бен денсаулығыңыздың арасына түсуге жол бермеңіз. «Күйе» сөзден емес, аурудың соңы неге алып келетінінен қорқу қажет. Адам санының жылдан жылға өсуіне байланысты психикалық ауытқушылыққа ұшыраушылар саны артатыны мәлім. Онымен қоса, көмек көрсететін орталықтар да сіздің ішкі арпаласыңызды анықтап беруге әзір. Болашақта бұл ауруларға «тұмау», «аллергия» секілді қалыпты қарайтын жағдайға жетіп қаламыз.

Жалғыз қалудан қорқу

Мұндай проблемасы бар, жалғыз сіз емессіз. Осыны мойындап, диагностикадан өтіп, емделуді ертерек бастағаныңыз, өзіңізге жақсы. Елімізде қашықтықтан көмек қолын соза алатын орталықтар барын ұмытпаңыз. Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласында кәсіби психологиялық көмек алғыңыз келсе 150 нөмеріне қоңырау шалыңыз. Ал Алматы қаласындағылар (Психологиялық қызмет көрсету орталығы) үшін 8 (727) 2506346, 3292318 нөмерлері қызмет етеді.

Сонымен...

Диагнозды тек арнайы маман ғана қоя алатынын естен шыңармаңыз. Алайда, алғашқы қадам жасап, сол маманмен байланыс орнату сіздің жұмысыңыз.

Сондай-ақ, сіз осындай қиын жағдайға тап болғандарға көмек қолын созуды ұмытпаңыз.

Мөлдір Дарханбаева

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...