Мүсірепов театры 80 жылдық мерейтойын республикалық гастрольмен атап өтеді

Фото: Мүсірепов театры

ТЕАТР
40

Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры2026 жылы 80 жылдық мерейтойын атап өтеді. Осыған орай театр ұжымы еліміздің бірнеше қаласына гастрольдік сапар ұйымдастырып, көрерменге репертуарындағы таңдаулы қойылымдарын ұсынбақ, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Мерейтойлық гастрольдер Қарағанды, Екібастұз, Павлодар, Семей және Өскемен қалаларын қамтиды. Театр өкілдерінің айтуынша, гастрольдік сапардың мақсаты – көрерменмен рухани байланысты нығайтып, театр өнері арқылы ортақ мәдени кеңістікті дамыту.

Гастрольдік бағдарламадағы басты қойылымдардың бірі – 2026 жылдың наурызында сахналанған «Қорғансыз» драма трилогиясы. Қойылымның режиссері – Дина Жұмабаева. Сонымен қатар екі жылдық үзілістен кейін көрерменге қайта жол тартқан «Мұқағали. Музаға…» әдеби-музыкалық кеші де гастрольдік бағдарламаға енді. Қойылым режиссері – Фархад Молдағали. Әдеби кеште Мұқағали Мақатаев поэзиясы сахналық пластика және музыкамен үйлесім тауып, жаңа қырынан ұсынылады.

Сондай-ақ гастроль аясында балаларға арналған «Кішкентай ханзаданың оралуы» ертегісі мен «Махаббат, қызық мол жылдар» драмасы сахналанады. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, қойылымдар түрлі жас санатындағы көрерменге арналған.

Гастрольдік қойылымдарға Гүлбахрам Байбосынова, Елдар Отарбаев, Динара Нұрболат, Ернар Амандық, Шұғыла Ешенова және Бақытгүл Серікбаева қатысады.

Гастрольдік сапар 24 мамырда Қарағанды қаласында басталып, 3 маусымда Өскеменде аяқталады. Мерейтойлық бағдарлама аясында театр бірнеше спектакль мен әдеби-музыкалық кештерді көрермен назарына ұсынбақ.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ыстықкөлде ММА спортшысы Медет Жээналиев суға батып бара жатқан қызды құтқарамын деп қаза тапты, деп...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркиялық танымал футбол агенті Али Емре Қазақстан құрамасы мен алматылық "Қайраттың" қақпашысы Темі...