Қазақстандықтар декларация тапсырмайтын болды

Primeminister.kz

Үкімет
244

Премьер-министр Олжас Бектенов аталған ұсынысты қолдап, Қаржы, Ұлттық экономика және Әділет министрліктеріне үш күн ішінде заңнамаға қажетті түзетулер дайындауды тапсырды, деп хабарлады madeniportal.kz.

2025 жылдан бастап декларацияларды ұсыну бойынша міндет азаматтардың қай санатында туындайтыны айтылды.

«Президент жаппай декларациялау тәсілдерін қайта қарауды тапсырды. Қазір декларацияны 4 млн-нан аса адам тапсырады. Олардың ішінде мемлекеттік қызметкерлер, квазимемлекеттік сектор мен бизнес өкілдері бар. 2025 жылы азаматтардың қалған барлық санаты да декларация тапсырады деп жоспарланған. Оған халық алаңдаушылық білдірді. Сондықтан аталған мәселеге мемлекет басшысы өзінің назарын аударды. Бүгінгі таңда мемлекеттік органдардың базасы барынша цифрландырылған, қаржылық және валюталық бақылау күшейтілді. Халықаралық келісімдер шеңберінде шоттар бойынша деректер алмасу жолға қойылды. Цифрлық қызметтер көрсету кең таралған», - деді Үкімет басшысы.

Олжас Бектенов жеке тұлғалардың активтері бойынша барлық ақпарат бар екенін баса айтты.

«Қаржы және цифрландыру министрліктері тіркеу және салықтық бақылау үшін барлық цифрлық базадан оның ішінде екінші деңгейлі банктерден мәліметтер алуды қамтамасыз еткен жөн. Сондықтан мен 2025 жылы азаматтардың қалған санаттарын активтер туралы декларацияны міндетті түрде тапсырудан босату туралы Қаржы министрлігінің ұсынысын қолдаймын. Осыған байланысты қаржы министрлігі Ұлттық экономика, Әділет министрліктерімен бірге 3 күн ішінде қажет заңнамалық түзетулер әзірлеп Парламентке тиісті жұмысты жүргізуі керек», - деді Үкімет басшысы Олжас Бектенов.

Декларация тапсырудан босату осы санаттағы жеке тұлғалардың 90%-дан астамына әсер етеді. Келесі санаттағы тұлғалар декларация тапсырады: мемлекеттік қызметшілер, коммерциялық ұйымдардың, квазимемлекеттік секторлардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайлары, елден тыс жерлерде активтері бар; бір жыл ішінде құны 20 мың АЕК (74 млн теңге) астам сомаға сатып алулар жасаған; дербес салық салынатын табыс алған. Бұдан басқа азаматтарға ерікті түрде декларациялау құқығы берілмек.

 

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...

Өнер

Қазақстанның тұңғыш Халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің туғанына 120 жыл толуына орайластырылған мере...