Алматы. Наурыз мейрамына орай безендіруге конкурс жарияланды

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ
2942

Алматы әкімдігінің Мәдениет басқармасы Наурыз мейрамында қаланы безендірудің ең үздік дизайнына конкурс жариялады.

Әкімдік мәліметінше, байқауға қатысу үшін қаланы билбордтармен безендірудің ерекше концепциясын жасап, оны альбом түрінде ұсыну қажет.

«Өтінімдерді қабылдау 31 қаңтардан басталып, 20 ақпанға дейін жалғасады. Үздік жұмысты 21 ақпанда Дизайнерлер одағының, Суретшілер одағының, Алматы қаласы Жоспарлау және урбанистика басқармасының, сондай-ақ Алматы қаласы Мәдениет басқармасының өкілдері кіретін жұмыс комиссиясының мүшелері таңдайды.

Байқау нәтижелері Алматы қаласы Мәдениет басқармасының ресми сайтында жарияланады.
Ең үздік дизайн қаланың жарнама алаңдарында орналастырылады», - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметінен.
Айта кетейік, бірінші орын үшін жүлде қоры – 1 млн теңге, екінші орын алғандар – 500 000 теңге, үшінші орынға лайықталғандар 300 000 теңге алады.

Ұсыныстар альбом түрінде almatymadeniet02@gmail.com электрондық поштасына қабылданады.

Мәдениет порталы

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...