Бұл да Air Astana: Алматыдан шыққан тағы бір ұшақ шұғыл қонуға мәжбүр болды

Фото: ir.airastana.com

MADENI TV
967

18 желтоқсанға қараған түні Алматыдан Бангкокқа бағыт алған Air Astana әуекомпаниясының KC931 рейсі техникалық себепке байланысты Үндістанның Дели қаласына шұғыл түрде қонды. Бұл туралы әуе компаниясының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Ұшақ бортында 138 жолаушы болған. Рейс Алматыдан 01:00-де ұшып, Дели әуежайына жергілікті уақыт бойынша 05:51-де штаттық режимде қонған.

Авиакомпанияның мәліметінше, жолаушыларға тамақ беріледі, уақытша визалар рәсімделеді және қонақүйге орналастыру мәселесі шешіледі. Сондай-ақ Бангкокқа ұшуды жалғастыру үшін резервтік борт дайындалуда.

Air Astana жолаушылардың қауіпсіздігі әуекомпания үшін басты басымдық болып қала беретінін атап өтті. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді. Ресми емес мәлімет бойынша, ол да бала, деп хабарлады MadeniPor...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың емдеуші дәрігері спортшының толық қалпына келгенін жән...