Самат Әбіш 8 жылға шартты түрде сотталды

Заң
2605

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Самат Әбіш Қаңтар оқиғалары туралы іс бойынша кінәлі деп танылып, шартты үкіммен 8 жылға сотталды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Фотосурет: ҚР ҰҚК

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Facebook парақшасында жазба жариялады.

"26 ақпан күні Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының экс-бірінші орынбасары Самат Әбіш жабық соттың шешімімен 8 жылға шартты түрде сотталды", – деп жазды мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Facebook парақшасында.

 Сот отырысы жабық режиме өтті.

Айта кетейік Самат Әбіш экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені. 


ЖАҢАЛЫҚТАР

Telegram желісінің негізін қалаушы Павел Дуров халықаралық іздеуге жарияланды....

Шоу-бизнес

Танымал қазақстандық эстрада жұлдызы Алтынай Жорабаева отбасында дүркіретіп той жасады, деп хабарлад...