Сотталған полковник шағым түсірді

Фотосурет ашық дереккөзден алынды

Заң
2569

27 жастағы қызды өз кабинетінде зорлады деген айыппен сотталған Талдықорған полициясының бұрынғы басшысы Марат Күштібаев үкімге апелляциялық шағым түсірді, деп хабарлайды madeniportal.kz тілшісі kaz.tengrinews.kz сілтеме жасап.

Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметі мәліметінше, сотталушының арызы бүгін, 17 шілдеде келіп түскен. Істің апелляциялық сотта қашан қаралатыны айтылмады.

Еске салайық, 2023 жылғы қарашада Талдықорған полициясының бастығы Марат Күштібаев 27 жастағы әйелді зорлады деген күдікпен ұсталды. Кейінірек жәбірленушінің адвокаты оқиғаның егжей-тегжейін айтты. Оның айтуынша, 2023 жылдың 12 қарашасында ішкі істер басқармасына қоғамдық тәртіпті бұзды деген айыппен Талдықорған тұрғыны жеткізіліп, кейін ол бастықтың қызметтік кабинетінде зорлық көрген.

Биыл сәуірдің аяғында сот үкімі бойынша Күштібаев кінәлі деп танылып, Қылмыстық кодекстің 120-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы бойынша 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, ол марапаттарынан және "полиция полковнигі" арнайы атағынан айырылды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында 89 жастағы әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс қозға...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылорда облысының Сырдария ауданында хоккей жаттықтырушысы кәмелетке толмаған шәкіртін зорлады дег...