ҚР Парламенті Мәжілісі ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер м...
«Теңгені «тэнгэ» деп айтатындар: Шетелдіктерге Қазақстан азаматтығын алу қиындайды
Сурет ашық дереккөзден алынды
Биылғы жыл ұлттық заңнамадағы маңызды бір өзгеріспен ерекшеленді, деп хабарлады madeniportal.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл бетбұрысқа сәйкес, Қазақстанның төлқұжатына қол жеткізгісі келетін жатжұрттықтар жаңа жылдан бастап министр Саясат Нұрбектің командасының ақ батасын алуға міндетті болады.
Бұл туралы ведомствоның өзі «Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе азаматтығын қалпына келтіру кезінде мемлекеттік тілді қарапайым деңгейде, Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздерін, сондай-ақ Қазақстан тарихын білу көлемін айқындау бойынша тестілеуді өткізу қағидаларының» жобасына түсіндірме жазбасында ашық айтады.
«Бұл жобаны қабылдау министрліктің функцияларын кеңейтуге және қағидаларды Қазақстанның қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтіруге мүмкіндік береді. Қағидаларды жүзеге асыру 2025-2027 жылдарға көзделген қаржы шеңберінде республикалық бюджеттен қаржылай шығындарды талап етеді», – деп хабарлады түсініктемесінде Ғылым және жоғары білім министрлігі.
Сондай-ақ журналистерге арналған баспасөз парағында ведомство биыл ел Парламенті «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңын қабылдап, оның күшіне енгенін еске салды.
Оған сәйкес, мемлекеттік тілді ең құрыса ауызекі тілде білмейтін, пікірін ауызша жеткізе алмайтын шетелдіктер сынақта теріс баға алады. Мұндай жағдайда министрлік ҚР Президенті жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияға ол адамға Қазақстанның азаматтығын беруден бас тартуға кеңес беретін болады.
Мысалы, теңгені «тэнгэ», Бәйтеректі «байтэрэк» деп бүлдіретіндер, ХХ ғасырға дейін қазақтардың байырғыдан мемлекеттілігі болғанын мойындамай, тарихымызды бұрмалайтындар сынақ қабылдаушы мамандардың қырына ілігуі мүмкін.
Осы орайда аталған заңның 17-бабына Қазақстан азаматтығына қабылдаудан бас тарту және ҚР азаматтығын қалпына келтіру негіздеріне қатысты түзетулер енгізілді. Аталған бап «ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган айқындайтын көлемде мемлекеттік тілді қарапайым деңгейде білмесе, түсінбесе, сондай-ақ ҚР Конституциясының негіздерін, Қазақстан тарихын білмесе, оның өтінішхаты қабылданбайды» деген жаңа тармақшамен толықтырылды.inbusiness.kzinbusiness.kz-