Андрей Звягинцевтің үздік 5 фильмі

КИНО
3403

Андрей Звягинцевтің өмірі мен өнерінің бес таңдаулы белесі 

Фото nsknews.info

Өмір жолы:

  • Әскер қатарында жүргенде Ноғайсібір әскери ансамблінде конферансье болды.
  • Мәскеуде аула сыпырушы болды. Соның еңбек ақысы ретінде Маяковский атындағы театрға таяу маңдағы, 1825 жылы салынған ақсүйектер сарайында тұруға рұқсат етіледі.
  • Тоқсаныншы жылдарғы телевидениядағы жарнама роликтердің көбісі – Звягинцецтің қолынан шыққан.
  • Оның гардеробында жалғыз ғана смокинг бар. Оның өзін 2007 жылы Канндағы өткен «Қуғын» фильмнің презентациясына бола продюсеры сатып алып берген. Осы «жолы болғыш» смокингін Звягинцев black tie (қара галстук) шараларының барлығына тастамай киіп жүреді.
  • Өзінің туып-өскен Ноғайсібір қаласында әркімге жалға беретін пәтері қалды.

Андрей Звягинцевтің үздік 5 фильмі

«ЛЕВИАФАН»

«Ұнатпау» (Нелюбовь) - бұл шетелдіктер көңіл аударған Звягинцевтің алғашқы фильмі емес. 2014 жылы оның «Левиафан» атты фильмі, шет тіліндегі үздік туынды ретінде «Алтын глобус» марапатына ие болған-ды. Аталмыш картина «Оскар» жүлдесіне де ұсынылды, өкінішке қарай бұйырмады. Фильмде алуан түрлі сауалдар қаузалады: адам мен билік арасында қарым-қатынастан бастап, шіркеудегі қарама-қайшылықтарға дейін. 

Тақырып бойынша сыншылардың пікірі әр тарапқа бөлінді: бірі «Левиафан» - Ресейдің қазіргі замандағы шынайы көрінісі десе, енді бірі Звягинцевтің бұнысы сюжетінде еш қисын жоқ, қып-қызыл сандырақ деп жатты. Өз пікіріңді қалыптастыру үшін, алдымен бір қабат көріп шыққан жөн сияқты. Фильм өте ауыр, оған да әзір болғаныңыз абзал. Сондай-ақ, сақ болыңыздар, былапыт сөздер де көп. 

 «ЕЛЕНА»

Қазіргі күнгі Мәскеудің тапқа бөлінуін суреттейтін кинодрма. Премьерасы 2011 жылы сол Каннда өтті. Басты рөлді сомдайтын актерлерді режиссер ұзақ уақыт, ыждағатпен таңдады. Соның нәтижесінде Надежда Маркина, Андрей Смирнов және Елена Лядова фильмге тартылды.

«Елена»  шығармасы да Звягинцевтің барлық фильмдеріне тән бірауызды пікір тудырмады: сыншылар бұл туындыдан «XIX ғасырдың соңындағы нашар драматургияның кісі шошырлық штампын» байқады. Ал орталық телевидениядан өткен көрсетілім, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

«ҚУҒЫН» (ИЗГНАНИЕ) 

Бұл фильм - ерлі-зайыптылар арасындағы дау-дамайды суреттейтін отбасылық драма. Түсірілім 103 күн бойы Франция, Бельгия, Молдавия мен Ресейде өтеді. Картина сюжеті Уильям Сароянның «Күлкілі бір нәрсе. Байыпты хикаят» (Что-то смешное. Серьезная повесть) атты повесін арқау еткен. Айтпақшы, Звягинцевтің бірде бір фильмінің соңы баянды бақытпен аяқталмайды – бұның да оңған ештеңесі жоқ. Алда-жалда көріп жатсаңыздар, қол орамалсыз көрмеңіздер, сораны ағызатын ауыр дүние.

«ОРАЛУ» (ВОЗВРАЩЕНИЕ)

Андрея Звягинцевтің тұңғыш фильмі. Бұл картина Венециан кинофестивалінің бас жүлдесі мен «Ника» және «Алтын қыран» ұлттық марапатына ие болған жылдың үздік фильмі. Бұнда драмамен қатар мистикада жыртылып айырылады. 

Бұл мистиканың бір пұшпағы реалды өмірді де ушықтырады. Фильм сюжеті сумен байланысты: алғашқыда басты кейіпкерлер биіктен суға секіреді, артынша көлден балық аулайды. Андрейдің ағасының рөлін орындайтын  Владимир Гарин, «Оралу» фильмінің тұсаукесерінен екі ай бұрын Осиновец көлінде тұншығып өлді. Ол бәр болғаны он алтыда еді.

«СҮЙМЕУ» (НЕЛЮБОВЬ) 

Иә бұл, дәл сол Канн кинофестивалінің жүлдегері. Сюжет Женя мен Бористің талайдан бері тігісі сөгіле бастаған некесі төңірегінде өрбиді. Екеуі де сырттан өз бақыттарын тауып, өмірлерін таза беттен бастағылары кеп асығуда. 

Бітпейтін ұрыс-керістің әлегімен жүріп, олар он екі жастағы ұлдарын қаперден шығарып алады. Ата-анасының келесі бір жанжалы оның төзімін түгесіп, үйден кетіп қалады. Қалың көрерменге фильм жаз айының бірінші күні шықпақшы.  


Дайындаған З. Самалбекұлы


Оқи отырыңыз:Бәрекелді, Ким Ки Дук! Кәріс киносы гуманисінің 5-топ фильмі 

Жаңалықтар

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне арызданған жергілікті тұрғын үйдің жанында ойнап жүрген кішкентай...

Жаңалықтар

Бүгін Ташкентте өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында бірнеше жаттығу бойынша финалд...