«Сырымның бәрін айтамын»: Мақпал Жүнісова қызы туралы шындығын айтты

Сурет ашық дереккөзден алынды

Шоу-бизнес
976

Танымал өнер иесі Мақпал Жүнісова жалғыз қызы туралы әсерлі жазба жариялады, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ..

«Қызымның айтқанын тыңдаймын. Сәл сырқаттанып қалсам, жаны шығып кете жаздайды. Мама, сен ауырмашы, сен әлі керексің дейді. Ақыл айтып қоятыны да бар. Балам емес, менің досым сияқты. Сырымның бәрін Мерейге айтып отырамын. Мұңымды шағамын. Оны бала ғой демеймін. 

«Мама, мына шешіміңіз дұрыс екен, мына әнді айтқаныңыз дұрыс болды» деп пікірін айтып отырады. «Мерей, мына жерге барсам қалай қарайсың?» деп кейде ақылдасамын, сол кезде «мама, бармай-ақ қойыңыз» деп оған да ақыл-кеңесін береді. Кейде жалғыздық деген адамды шаршатады ғой. Зәкеңді қайта-қайта еске алатын кездерім болады. Ондайда халықтың өзі басу айтады. Сіз жалғызбын деп айтпаңыз, біз бармыз, сізді жақсы көретін халық бар екенін ұмытпаңыз, сіз бақытты болуға лайықсыз, сіз бақыттысыз деп жатады. Әрине, халықтан үлкен емеспіз. Ұлық болсаң, кішік бол деген. Халықтың сөзін тыңдаймын. Өйткені бізге баға беретін де, көкке көтеретін де халық. Сүрініп кеткенімізді кешіретін де халық. Ал сахнада өзімді бақытты сезінетінім рас», - деді әнші.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...