Жан даусы жаңғырады жырларында

ӘДЕБИЕТ
5329


Қақ төрінен орын алған тарихтың

Есімдерін, ерендер мен алыптың

Жазбау керек қағазға да басқаға ,

Жазбау керек тіпті қара тасқа да,

Жазу керек жүрегіне халықтың! – деп өз жырлары арқылы тұтас алаш жұртының жүрегінен орын алған арқалы Аралдықөр ақын ол Жарасқан Әбдірашев.

Әбдіраштың Жарасқаны сонау 1948 жылы 7- наурызда көк теңізі бұлқынған айдынды Аралдың Аманөткел өңірінде туып өсті. Ол Әбдіраш Үмбетұлы мен Даража Үмбет келінінің текті ұрпағы. Әр тұлғаның балалық шағы туған өңірмен туған даламен тікелей сабақтас .

Туған дала ,

Жаным сенен от алды .

Сен деп білем:

анам,

әкем,

атамды ,

Екеу болып аттанбақпын ертеңге ,

батаңды бер ,

батаңды бер ,

батаңды !... Көк теңізден көкке қарай бет алған ақын осылайша ақ батамен, ақ арманымен ару қала Алматыға бет алды. 1969ж Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Ең алғашқы еңбек жолын «Лениншіл жас» газетінің әдебиет пен өнер бөлімінде бастап кейін «Жалын» альманағының поэзия сын бөлімінде редактор . 

«Жұлдыз» журналының сын бөлімінің меңгерушісі одан соң «Тамаша» ойын –сауық отауында редактор болып еңбек жолын өткерген.

Әрбір мықты ақын өзі туып өскен өңірдің шебер суреткері. Ақын туындысынан жүректегі сезім мен айтылар ой сырын мүлтіксіз аңғарасың . Себебі табиғат пен тарихта өнер мен өлеңге осындай тағдыр бұйырған. Иә, өлеңнің бірден бір тәңірісі басты таразысы ол - уақыт . Уақыт неден қорқады кімге бас иеді? Уақытқа дауа, бас білдірер бір күш бар ол құдірет суреткер . Ал шын өнерге, шынайы өлеңге бас игізген, бас идірген ол уақыт. Жарасқан ақынның «Уақытқа уәж» туындысынан бір мөлтек сыр.

Табиғат пен бірге тудық туылсақ,

адаммын ғой ,

емеспін ғой қуыршақ...

Таныр едің ,

таныр едім мен сені ,

тыр жалаңаш қатар тұрып жуынсақ .

Қазір сенде ықтияр да, ырық бар,

биле –күйле ,

жүгір –жүйткі,

жүріп қал!...

Сенде маған кіріптарсың бәрібір,

менде саған болсам қандай кіріптар!

Аптығасың алды - артыңды аңдамай ,

ашыласың ,

шашыласың,

таңдамай....

Тірі кезде бағалай біл сен мені, тірі кезде бағаласам мен қалай деп уақыт сынынан мүдірмей өткен Жарасқан ақын не бары 21 жасында КСРО жазушылар одағының мүшелігіне қабылданған .

Бұл буын соғыстан соң туғандар .Сұрапыл соғыстан сүдері қашқан қазақ даласының жайкүйін өз жанымен сезініп , көзімен көрген бұл буын . Төрт жыл бойы толассыз соққан ала құйынның зобалаңын сезінгенде осы буын. Елдің елдік рухына жан берген , жаншылған жүректерге қан жүгірткен қас батырлар өмірін көзбен көргенде осы буын .

Өйткені біз от ішінде өскенбіз.

Өмір үшін өлімге де көнгенбіз,

Соғыс көрген әкелерден – Жаралып ,

Соғыс көрген аналарды - Емгенбіз. - Жеңген елдің рухты жырын жырға қосқандадар да әділ осы буын өкілдері.

Жарасқан ақынның әр туындысынан отанға, туған жерге, отбасына, перзентке, адал жарға деген ерекше махабатты адалдықты мүлтіксіз аңғарасың. Бұл адалдық әкенің қаны мен ананың сүтімен бойға даритын ең ерекше адами даралық. Адамдықтан, адалдықтан аттамаған ақынның жарына деген ең нәзік жыры

Өзіңсің гүлім Нәзігім –

Өмірлік темір қазығым ....

Ақылдым егер түсінсең

ақынмын, Осы жазығым! - деп еркелігі мен қателігін өз жырымен «Мойындау » арқылы жеткізген. Ақынның жарыда осы жырды өзінің бойтұмарындай бағалайды.

Адам ғұмыры, ұрпақтар сабақтастығымен кіндігі біте қайнасып жалғасқан өмір өлшемі. Сол өмір өлшемінде артыңа қалдырар құнды бір мұра бар ол өз кіндігінен тараған өз ұрпағың. Ол әр адам баласының өзгеше бір бағаланбас дара қуанышы. Ал ақын осы жыр арқылы өз қуанышын тұтас елмен етене бөлісті.

Туған дала

сенен өзгесенді кім

Менің еншім дарқандығың ,

кеңдігің

Сүйінші бер

Сүйінші бер

Сүйінші

Ұлды болдым –

ұлды болдым Мен бүгін....

Ол ақынның тұңғыш ұлы Рүстем Әбдіраш. Рүстем Әбдіраш бүгінгі киноматаграфия саласының белді буыны, оның қоржынында «Балалық шағымның аспаны», «Дала сенің ұлыңмын» секілді көптенген деректі фильмдеріннің авторы РүстемӘбдіраш Жарасқан Әбдірашевтың бел баласы.

Тарих көшінің ұзақ сапарында әр буынға жүктелетін өзіндік міндет бар . Бұл әркімнің маңдайына бұйырған тағдыр несібесі. Сол міндеттің үдерісінен шыға білу адам атаулының қасиеттіде қастерлі парызы. Ол ата – ана алдындағы перзеттік парыздан да биік. Себебі ол,ел алдындағы азаматтық парыз. Жарасқан ақын перзеттік парызын да, азаматтық парызын да өлеңмен өрбіткен өжет ақын .

Өмірдің өте шығар қызығы арзан ,

шекері – бекершілік, тұзы жалған .

Өлді деуге сияма ойлаңдаршы ,

Өлмейтұғын артында із қалдырған - ақын Жарасқан Әбдірашев өзінің сүбелі ғұмырында сан – салалы шығармалар тудырған ақиық ақын . Ақынның өшпейтін өлмейтін өктем жырларықазақ әдебиетінің алтын қорындаөлшеусіз орын алған құнды жәдігер, бұл жырлар ұрпақтан ұрпаққа жалғасып қалары ақиқат. Әр туған өңір өз мықтысымен мақтанады және барыншаұрпақ жадында қалдыруды мақсат етеді. Жарасқан Әбдірашев атындабіздің өңірде мектеп және көше бар. Ақын жырымен сусындаған , ақын рухымен сырласқан бүгінгі буын, ертеңгі ұлы әдебиеттің белді өкілдері. Ақын өзінің рухты жырлары арқылы ұрпақ жадынан мәңгілік өшпейді және өлмейді. Оған ақынның өткір жырлары кәміл .


Гүлнұр Шаламанова 

Орталықтандырылған Абай атындағы кітапхананың кітапханашысы

author

Жарасқан Әбдіраш

АҚЫН

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...