Әйелін өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Фото: ЖИ/ MadeniPortal.kz

Әлем
163

Қырғызстанның Алай ауданында 36 жастағы әйелдің өліміне қатысты оның 37 жастағы күйеуі ұсталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Әйелдің алған жарақаттарынан көз жұмғаны туралы хабар аудандық милиция бөліміне сағат 12:00 шамасында түскен.

Милицияның алдын ала мәліметінше, ерлі-зайыпты 20 қарашадан 21 қарашаға қараған түні үйінде жанжалдасқан. Күйеуі мас күйде болған. Тергеудің болжамынша, ол жанжал кезінде әйелін тұншықтырған.

Қырғызстан Қылмыстық кодексінің 122-бабы (“Адам өлтіру”) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 45 жастағы Уильямс Коулға халықаралық іздеу жариялады. Шетел азаматы Қаз...

Шоу-бизнес

Рүстем мен Жанаргүл Жаныамановтар ұлдарының қазасынан кейін алғаш рет сұхбат берді. Жанар Байсемізді...