Туыстарына бара жатқан отбасы жол апатынан түгел қаза тапты

Фото: ЖИ

Әлем
178

Үндістанда мерекені туыстарымен бірге қарсы алуға жолға шыққан ерлі-зайыпты мен олардың екі баласы жол апатынан көз жұмды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Қайғылы оқиға 11 қарашада Уттар-Прадеш штатындағы Ганга тасжолында болған. Отбасы Нойда қаласынан Праяграджға бара жатқан.

Полицияның алдын ала мәліметінше, жол талғамайтын көліктің дөңгелегі жарылып, жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған. Көлік жолдың ортасындағы қоршауға соғылған.

Апат салдарынан 40 жастағы ер адам мен оның 35 жастағы жұбайы оқиға орнында қаза тапты. Жеті жастағы және бір жарым жастағы екі ұлы ауыр халде ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер олардың өмірін сақтап қала алмады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Жауын-шашын жаңбыр мен қа...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақсуда әйелді ұрып өлтіріп, қылмыс ізін жасыру үшін денесін өртемек болған ер адамға сот үкімі шықты...