Бразилияда нәресте жерлеу алдында табыт ішінде тіріліп кеткен

ашық дереккөзден алынған

Әлем
1106

Бразилияда өз жерлеу рәсімінде оянып кеткен балақай қайтыс болды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Бұл туралы Metropoles.com сайты жазды.

Басылымның мәліметінше, нәресте жүктіліктің 24-аптасында дүниеге келген. Толғақ кезінде анасы қан кетіп, қауіп туындаған соң, қажетті жабдықтары жоқ жергілікті ауруханадан басқа емханаға ауыстырылған.

Алайда дәрігерлер баланы құтқара алмады. Құжатта баланың **жатырішілік гипоксиядан**, яғни ұрықтың оттегі жетіспеушілігі салдарынан көз жұмғаны көрсетілген.

Мамандар сәбидің қайтыс болғанын растап, денесін жерлеу үшін отбасына тапсырған. Жерлеу алдында туыстарының бірі табытты ашқанда, нәрестенің жылағанын байқайды.

Тірі қалған сәби дереу ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап, біраз уақыт жансақтау бөлімінде болғанымен, аман қалмады.

Оқиғадан кейін прокуратура тергеу жұмыстарын бастады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...