Перуде жер сілкінісі болды: бір адам қаза тауып, 16 адам жараланды

Фото: ЖИ

Әлем
137

Перудің орталық бөлігінде магнитудасы 6,7 болатын жер сілкінісі болды. Дүмпу ел астанасы Лимада да сезіліп, тұрғындар көшеге шыққан. Бір адам қаза тауып, 16 адам жараланды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Жер сілкінісі 20 қарашада жергілікті уақытпен сағат 19:09-да тіркелген. Перу Геофизика институтының мәліметінше, дүмпудің эпицентрі Хунин қаласынан солтүстік-батысқа қарай 30 шақырым жерде, 129 шақырым тереңдікте орналасқан. Түн ортасынан кейін сол маңда магнитудасы 5,0 болатын тағы бір дүмпу тіркелді.

Жер сілкінісінен кейін Хунин, Уануко және Лима аймақтарында тау беткейлерінен тас пен топырақ опырылып, бірнеше жолда көлік қозғалысы уақытша шектелді. Ресми есепке сәйкес, 152 үй тұруға жарамсыз болып қалған, тағы 156 үй бүлінген.

Хунин, Паско және Уануко аймақтарында 92 мыңнан астам абонент жарықсыз қалды. 21 қараша күні таңертең олардың басым бөлігінде электр қуаты қалпына келтірілген.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысында 14 жастағы Асылбек соққыдан кейін ес-түссіз жатыр. Туыстарының айтуынша, жасөспірім...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Дүйсенбі, 23 қарашада Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр мен қар жауып, жел күшейеді. Солтүстік Қ...