Олжас Абай анасының Дариғаны келін ретінде қалай қабылдағанын айтты

Фото: ЖИ

Шоу-бизнес
72

Актер Олжас Абай Дариға Бадықовамен шаңырақ көтергенін отбасы қалай қабылдағанын және бұрынғы жұбайы Аймира Аманмен қазіргі қарым-қатынасын айтты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Өнер иесінің сөзінше, жақындары оның үйленгеніне қуанып, Дариғаны жылы қабылдаған. Актер біраз уақыт жалғыз жүргендіктен, отбасы оған алаңдағанын жеткізді.

“Үйдегілер қуанып қалды. Өте жақсы қабылдады. Жалғыз жүргенімнен бәрі қорыққан ғой. Соңғы уақыттарда достарымның тойына да бармай қойып едім”, – деді Олжас Абай.

Сондай-ақ актер екі баласының анасы Аймира Аманмен арадағы қарым-қатынасына тоқталды. Ол бұрынғы отбасына қатысты міндеттерін атқарып жүргенін, әкелік жауапкершілігін назардан тыс қалдырмағанын айтты.

Әлем

Нью-Йоркте туристік тікұшақ өзенге құлап, ерлі-зайыпты мен олардың үш баласы көз жұмды. Апаттан ұшқы...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысының Қордай ауданында оқушылардан ақша бопсалап, айтқанына көнбегендерді ұрып-соғатын бе...