Демалысқа барған отбасының төрт мүшесі қонақүйде уланып көз жұмды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
199

Германиядан Ыстанбұлға демалуға барған ерлі-зайыпты мен олардың екі баласы қонақүйдегі жәндіктерге қарсы қолданылған улы заттан қаза тапқан. Оқиға 2025 жылғы қарашада болған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Отбасы қаланың Фатих ауданындағы қонақүйге орналасқан. 12 қарашада олардың жүрегі айнып, құса бастаған. Ауруханаға барған отбасы мүшелері ем алған соң қонақүйге қайтқан. Алайда келесі күні жағдайлары қайта нашарлап, жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген.

Алты жастағы ұл мен үш жастағы қыз 13 қарашада көз жұмған. Балалардың анасы келесі күні, ал әкесі 17 қарашада қайтыс болған. 

Бастапқыда олардың көшеден сатып алған тағамнан улануы мүмкін деген болжам айтылған. Кейін сараптама бұл нұсқаны жоққа шығарған. Қонақүйден алынған сүлгілер мен басқа да сынамалардан фосфин анықталған. Тергеу отбасының өлімін қонақүйдегі зиянкестерге қарсы жүргізілген өңдеу жұмыстарымен байланыстырған. Сол жерде тұрған тағы екі турист те сырқаттанып, ауруханаға түскен.

Іс бойынша 2026 жылғы 26 маусымда сот үкімі шыққан. Қонақүй иесі мен зиянкестерді жою қызметінің үш өкілі кінәлі деп танылып, 12 жылдан 18 жылға дейін бас бостандығынан айырылған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Жауын-шашын жаңбыр мен қа...

Әлем

Үндістанда мерекені туыстарымен бірге қарсы алуға жолға шыққан ерлі-зайыпты мен олардың екі баласы ж...