АҚШ-тың аңызға айналған гольфшысы Тайгер Вудс Флорида штатындағы Джупитер-Айлендтегі үйінің маңында...
Жолаушылар мінген көлік ғимаратқа соғылып, 16 адам қаза тапты
Фото: freepik
Португалия астанасы Лиссабонда туристер жиі мінетін фуникулер рельстен шығып, ғимаратқа соғылған. 2025 жылғы 3 қыркүйекте болған апаттан 16 адам қаза тауып, жиырмадан астам адам жараланған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Қайғылы оқиға қаланың көрікті орындарының бірі саналатын “Глория” желісінде болған. Фуникулер — тік беткейде жолаушыларды жоғары-төмен таситын, арқанмен қозғалатын рельсті көлік.
Алдын ала тергеу есебіне сәйкес, екі вагонды жалғап тұрған арқанның бекітілген тұсы ажыраған. Сол сәтте жоғарыдағы вагон еңіске қарай үдей түскен. Оны басқарған қызметкер пневматикалық тежегіш пен қол тежегішін іске қосқанымен, вагонның жылдамдығын бәсеңдете алмаған.
Бақылаудан шыққан вагон рельстен шығып, жол жиегіндегі ғимаратқа соғылған.