Көкшетау қаласы – Сарыарқаның саумал самалы тербеткен сайын даласында сұлудың жасауынан үзіліп...
Италиялық Dove Travel журналы саяхаттауға болатын үздік 10 елдің тізімін жариялады
Фото: Gov.kz
Италиялық Dove Travel журналы міндетті түрде баруға кеңес беретін 10 елдің тізімін жариялады. Табиғаты мен көрікті жерлерімен көзге түскен мемлекеттердің қатарына ТМД елдерінен Қазақстан ғана кірді, деп хабарлайды madeniportal.kz тілшісі.
Италиялық журналдың сарапшылары тізімдегі 10 елдің, ондағы қалалардың әсемдігін, табиғи көрікті жерлерді және жергілікті мәдениетті ескерген. Рейтинг авторлары туристерге өмірінде кем дегенде бір рет Қазақстанға келуге кеңес береді.
Саяхатшыларға Қазақстаннан басқа Оман, Оңтүстік Африка, Индонезия, Непал, Исландия және Жаңа Зеландияға бару ұсынылады. Рейтингтің алғашқы үш қатарында Гавайи, Барбадос және Венесуэла орналасқан.
Авторлар Қазақстанда Алматы мен Астана қалалары, сондай-ақ Маңғыстау облыстарының табиғи көрікті жерлерін ерекше атап өткен.
Еліміздің табиғаты мен жыл сайын жаңа әсем ғимараттардың бой көтеруінің нәтижесінде аталған мақалада Шарын ұлттық саябағы, Көлсай және Қайыңды көлдері туралы кеңінен айтылады. Тек демалыс аймақтары ғана емес, Алматыдағы шіркеу мен орталық мешіт туралы да жазылған. Маңғыстауда авторлар Бозжыра мен Қызылкүпке тамсанған. Ал елордада олар Әзірет Сұлтан мешітін, жалпы Астананың сәулетін тамашалауға кеңес берді.