ҰБТ мүлдем алынып тасталуы мүмкін

Фото: gov.kz

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
1854

Қазақстанда ҰБТ-ның жаңа форматы пайда болуы мүмкін. Талапкерлер дәстүрлі тестті немесе шетелде мойындалатын жаңа тестті тапсыруды өздері таңдай алады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, қазақстандық түлектерге әлемнің кез келген жоғары оқу орнына тапсыруға мүмкіндік беретін жаңа тест әзірленіп жатыр. Қазіргі уақытта жоба дайындық кезеңінде, ал толық іске асыру 2027 жылдан ерте басталмайды. 

Саясат Нұрбектің сөзінше, кейбір халықаралық жоғары оқу орындары қазақстандық ҰБТ нәтижелеріне сенімсіздік танытады. Сондықтан, халықаралық стандартқа сай, әлемдік университеттер мойындайтын тест қажет.

Біздің тестологтар бұл тест жоғары оқу орнына түсу үшін әмбебап мойындалатын форматта болғанын қалайды. Алдын ала жоспарымыз бойынша, біз бұл жаңа тестті әзірлеуге кемінде тағы бір жыл жұмсаймыз. Бұл, менің ойымша, кемінде 2027 жылдан бастап қана іске асады. Осы жаңа тестпен сіздер шетелдік университеттерге де, Қазақстан аумағында ашылған олардың филиалдарына да түсе аласыздар, – деді Саясат Нұрбек.

Жаңа тестті әзірлеу үшін қазақстандық мамандар Educational Testing Service (ETS) ұйымының штаб-пәтерінде оқудан өтеді. ETS – әлемдегі SAT, TOEFL секілді танымал тесттердің авторы.

Министрдің сөзінше, дәстүрлі ҰБТ қажеттілік жойылғанға дейін өткізіле береді. Бірақ болашақта талапкерлердің басым бөлігі халықаралық тестті таңдаса, ҰБТ-ға деген қажеттілік бірте-бірте азаюы мүмкін. 

Халықаралық форматтағы жаңа тест тек мектеп бағдарламасын ғана емес, сонымен қатар:

  • логикалық және сыни ойлауды,
  • функционалдық сауаттылықты,
  • әлеуметтік белсенділікті,
  • өмірлік дағдыларды бағалайтын болады.

Министрдің айтуынша, жаңа тест – тек білімді жаттап алғанын емес, тұлғаның жан-жақты қабілетін анықтайтын бағалау жүйесі. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада көпқабатты үйдің қасбеті құлаған сәтте өзгелерге көмек көрсетуге ұмтылып жүріп ауыр жаралан...