Қазақстандық спортшылар үшін Олимпиада 2024 аяқталды

Фото: newvzglyad.ru

Спорт
469

Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан 2024 жылғы Олимпиадалық ойындарда қазақстандық спортшылар жарысты толық аяқтады, деп хабарлайды madeniportal.kz

Еркін күресте Әлішек Ерғали (97 келі) жұбаныш белдесуінде бүгін сынға түсті. Бұл бәсекеде қазақстандық балуан ирандық Амир Али Азарпирге есе жіберді. Салдарынан ол қола жүлдеге қол жеткізе алған жоқ. Осылайша ел құрамасынан соңғы болып жарысты аяқтады. 

Айта кетсек, Париж Олимпиадасында қазақстандықтар 25 спорт түрінен 92 жолдамаға ие болған еді. 

Ел құрамасы 1 алтын, 3 күміс, 3 қола медальмен әзірше 41орынға тұрақтап тұр.

Париж Олимпиадасы бүгін мәресіне жетеді. Салтанатты жабылу рәсімі Астана уақытымен 23:00-ге жоспарланған. 

Жаңалықтар

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы Мамыраев ауылына қарасты Сартау қыстағында бірден 14 бұзау қы...

Жаңалықтар

Астана әкімдігі Қазақстандағы негізгі футбол стадионы "Астана Аренада" жөндеу жұмыстары қашан аяқтал...