Түнгі клубтар мен тойханалар 22:00-ге дейін ғана жұмыс істейді

Фото: Pinterest

ЖАҢАЛЫҚТАР
1148

Қырғызстандағы барлық той, ойын-сауық, кафе, мейрамхана және түнгі клубтар сағат 22:00-ге дейін жұмысын аяқтауы тиіс, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бұл туралы Қырғызстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары, мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қамшыбек Ташиев мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұл шешім тыныштық туралы заңға сәйкес қабылданған.

«Біз шешім қабылдадық, бірақ ол орындалмай отыр. Жақында Бішкекте менің әріптесім түн ортасына дейін той тойлаған. Жалал-Абадта да солай, адамдар түнгі 12-ге дейін мейрамдатқан, оларға ешкім қой демеген», - деді Ташиев.

Ол Министрлер кабитінің шешімінде жергілікті өзін-өзі басқару органдары тыныштық туралы заңның орындалуын бақылауға міндетті екені нақты көрсетілгенін атап өтті.

«Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары, сіздер жазбаша тапсырманы орындамай отырсыздар. Енді мен ресми түрде тапсырамын. Барлық жерде сағат 22:00-ден кейін той, ойын-сауық, кафе, мейрамхана және түнгі клубтардың жұмысы тоқтауы керек. Кім бағынбаса, жарығын өшіріңіз», - деді Ташиев.

Ол 22:00-ден кейін мейрамханаларда электр қуаты өшірілетінін атап өтті.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Белгілі саясаткер әрі қоғам қайраткері Бахыт Түменова өмірден өтті. Бұл туралы мәж...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазір әлеуметтік желілерде продюсер Баян Алагөзова мен жұбайы Тұрсын Алагөзовтың қазақ киносының аңы...