«Халық қан жұтып жатқанда несіне жетісіп жүрсің?» — жанкүйерлер Қайрат Нұртасты мінеп-сынауда

Жаңалықтар
6943

5 баланың қайтыс болғаны туралы жаңалық бүкіл Қазақстан халқын дүр сілкіндірді. Астанада 3-нен 4 ақпанға қараған түні бес қыз баланың өмірі қиылды. Бүкіл ел аза тұтуда…

Қазақстандық атақтылар да әлеуметтік желілерде көңіл білдіріп, жылу жинау туралы ақпарат таратып жатыр.

Алайда, бұлардың қатарында кейбір жұлдыздар жоқ болып шықты.

Қайрат Нұртас шет елде жүріп, күнге, теңізге және бақытқа толы фотосуреттерін белсенді түрде жариялауда. Әрине, кумирлерінің мұндай немқұрайлығы миллиондаған әлеуметтік желі қолданушыларының ашуын тудырды. Жанкүйерлер орындаушыны сынап, мұндай жарияланымдарын әзірше қоя тұруын сұраған.

«Сіз сияқты танымал адамдар үнсіз қалғаны және ештеңе болмағандай жүргені ең жаманы»,

«Бес бала қаза тапты, жұрт аза тұтуда, ал сен шетелде жүріп байлығыңмен мақтанасың!»,

«Қайрат, ар-ұятың қайда? Елде не болып жатқанын білсең бе!? Немесе саған бәрібір ме? Кем дегенде бір күн өзіңмен мақтанбашы, өтінеміз»,

«Халық қан жұтып жатқанда несіне жетісіп жүрсің?»

Мұндай пікірлердің көптігінен шаршаған болу керек, әнші кейін суреттеріне пікір жазуға шектеу қойды.

  Alashainasy.kz

Жаңалықтар

Шохан Уәлиханов - ешкім емес. Бұл туралы Жазушы, сценарист Перизат Мырзахмет "Кейде ойланам" подкаст...

Жаңалықтар

Белгілі сазгер, ақын Бақтияр Құрманайқызы отандан кейінгі жағдайын айтып, желіде жазба жариялады,&nb...