28 адам бір мезетте ажал құшты

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
1419

Вьетнамда су тасқыны мен көшкіннен 28 адам қаза тапты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Вьетнамда бірнеше күннен бері толассыз жауған жаңбыр салдарынан су тасқыны мен көшкін болды. Табиғи апаттан 28 адам қаза тауып, тағы 6 адам із-түзсіз жоғалған.

Ең көп зардап шеккен өңірлер Хюэ және Да Нанг қалалары. Шамамен 22 мыңнан астам үйді су басып, көптеген ғимаратқа зақым келген. Сондай-ақ 245 мыңға жуық отбасы жарықсыз қалған.

Кейбір пойыз бағыттары қайта іске қосылғанымен, бірнеше жол әлі де жабық. Синоптиктердің мәліметінше, нөсерлі жаңбыр 4 қараша түніне дейін жалғасуы мүмкін.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық балалар ауруханасына 16 жастағы Жаркен Айжан жоспарлы ота жасату үшін өз аяғымен бар...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркияда Хатидже Ялманның қаза болардан шамамен екі сағат бұрын дүкенде жүрген сәті түсірілген бейне...