Маңғыстау облысында қоқыс таситын көліктегі газ баллоны жарылып, көлік өртеніп кетті

Фото: видео кадры

Жаңалықтар
449

Маңғыстау облысында жол бойында қоқыс таситын көлік жарылып, жақын маңдағы ғимарат терезесі қираған, деп хабарлайды madeniportal.kz Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап. 

7 қыркүйек күні сағат 12:01-де Мұнайлы ауданында «Әйгерім» мейрамханасының маңындағы жол бойында қоқыс таситын көлік өртенген. Көлік ішінде газ баллоны жарылып, жарылыс толқыны 20 метр қашықтықта орналасқан азық-түлік дүкенінің терезелерін сындырып, баннеріне зақым келтірген.

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт сағат 12:14-те сөндірілді. Өртті сөндіруге жеті өрт сөндіруші мен екі техника жұмылдырылған. 

Жаңалықтар

Алматы қаласының қылмыстық істерді қарайтын мамандандырылған ауданаралық сотында атышулы іс бойынша...

Жаңалықтар

Бұған дейін хабарлағынымыздай, Алматыда екі оқушы қыз биік үйден құлап өлген еді. Марқұм балала...