Ақтауда ер адамның қозыға жасаған ерсі ісі елдің жағасын ұстатты

Фото: Видеодан кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
2320

Ақтау тұрғындары ер адам қозыны шанамен сырғанауға мәжбүр еткен оқиғаға наразы болды, деп хабарлайды Madeniportal.kz.

Әлеуметтік желілерде тараған видеода ер адамның қозыны шанаға отырғызып, оның артына өзі отырғанын көруге болады.

Видеоға наразылық танытқандардың шағымынан кейін,  полиция жағдайға жауап берді. Ақтау полиция басқармасының парақшасында видео жарияланды. Онда ер адам кешірім сұрап мәлімдеме жасаған.

"Қозыға зақым келген жоқ, онымен бәрі жақсы. Мен Ақтау қаласы мен Маңғыстау облысының тұрғындарынан кешірім сұраймын, мұндай жағдай қайталанбайды", - деді ер адам өзінің бейнеөтінішінде.

ЖАҢАЛЫҚТАР

23 жасында қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанның анасы журналист...

Шоу-бизнес

YE концертінің 14 тамыздан 15 тамызға ауыстырылуына байланысты көрермендердің назарына маңызды ақпар...