Сингапурдағы қайырымдылық концертінде Димаш Құдайберген өнер көрсетті

Фото: el.kz

Жаңалықтар
542

Virtuosos жобасы жеңімпаздарының Гала-концерті Сингапурда үшінші рет ұйымдастырылды, деп хабарлайды madeniportal.kz El.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

Биыл концерттің жұлдызды қонақтары өткен жылғы Virtuosos жобасының қазылар алқасының мүшелері, әлемдік деңгейдегі музыканттар – виолончелист Степан Хаузер мен вокалист Димаш Құдайберген болды.

Star орындаушылық өнер орталығының сахнасында Питер Пейцик басқарған Сингапур симфониялық оркестрі – арфа, фортепиано, скрипка, кларнет, виолончель және Orchestra of the Music Makers сүйемелдеуімен Бах И.С., Лист Ф., Брамс И.,  Генсон Д., Циммер Х. және басқа да әлемдік композиторлардың шығармалары орындалды.

Қазақстандық музыкант Димаш Құдайберген өз репертуарынан бірнеше туындыларын ұсынды. Димаш қытай тілінде «Autumn Strong» әнін жеке орындаса, ал француз тілінде «Sos d’un terrien en détress» виолончелист Хаузермен бірге оркестрдің сүйемелдеуімен дуэт жасады. Сондай – ақ, Димаш ағылшын тілінде «Queen» тобының ең танымал шығармаларының бірі «The Show Must Go On» әнін шырқады. Сондай-ақ, опера әншісі Ильдико Медьимореч, жас музыканттар мен оркестрдің сүйемелдеуімен Майкл Джексонның «Heal the World» туындысын орындады.

Жоба аясында Димаш пен Хаузер өз жанкүйерлеріне «Sos d’un terrien en détress» композициясының бірлескен орындауындағы бейне дайындады. 

Спорт

Футболдан Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының топтық кезеңі аясында өз алаңында Аустрия құрамас...

Қылмыс

Алматы облысының Қонаев қаласы сотының төрағасына үкім шықты, деп хабарлайды madeniportal.kz. &la...