Илон Маск Трамптың жоспарының арқасында Украинадағы соғыс жақын арада аяқталады деп болжады

Фото: depositphotos.com / ChinaImages, palinchak

Жаңалықтар
260

Илон Маск Трамптың жоспарының арқасында Украинадағы соғыс жақын арада аяқталатынын болжады. Ол бұл туралы әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды madeniportal.kz Massaget.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

Кәсіпкер Newsweek-тің жаңалығына пікір білдірді. Онда Трамп Ресей мен Украина арасындағы майдан шебінде 800 мильдік демилитаризацияланған аймақ құратыны, онда ұлыбританиялық және еуропалық әскер орналасатыны айтылады. 

"Жақында мағынасыз кісі өлтіру аяқталады. Соғыс өртін тұтатушылар мен алыпсатарлардың уақыты бітті", - деп жазды Маск Х желісінде.

Америка Құрама Штаттарының билігі болашақта қақтығыс қайта басталмауы үшін Киевке қару-жарақ жеткізеді деп болжанып отыр.

Дональд Трамп NBC телеарнасына берген сұхбатында АҚШ президентін сайлауда жеңіске жеткеннен кейін Ресей президенті Владимир Путинмен әлі сөйлеспегенін айтқан болатын.

Айта кетейік, 2024 жылы 5 қарашада Америка Құрама Штаттарында президент сайлауы өтті. Негізгі кандидаттар республикашылар атынан Дональд Трамп және демократтар атынан Камала Харрис болды. Бұл - елдің 47-ші президенті сайланатын 60-шы президенттік сайлау.

Трамп Вашингтон уақыты бойынша түнгі сағат екіде (Астана бойынша сағат 12:00-де) сайлаудың жеңімпазы деп жарияланды. Ол барлық негізгі штатта жеңіске жетті. 

Жаңалықтар

Шығыс Қазақстан облысында зорлау туралы көрінеу жалған хабарлау оқиғасы анықталды, деп хабарлайды ma...

Шоу-бизнес

Продюсер Жан Мұқанов Қазақстанда ең көп гонорар алатын әншілерді атады, деп хабарлайды madenipor...