Енді қайта-қайта студент болатындар әскерден қаша алмайды

Фото: okg.kz

Жаңалықтар
359

Студенттің оқып жатыр деген анықтамасына қарамай әскерге алып кетуі мүмкін, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Qazaqstan телеарнасының мәліметінше, заң жобасына сай, оқуға байланысты әскерге баруды кейінге қалдыру оңтайландырылмақ. Бұл жоғары оқудың келесі деңгейіне өтпестен әскерге бармау үшін қайта-қайта оқуға түсетіндерге қатысты. Әскери комиссариат енді олардың оқып жатқаны туралы анықтамасына да қарамайды. 

Оқуға байланысты әскерге баруды кейінге қалдыру бұрынғыдай қала береді, ал түзетулер 27 жасқа дейін келесі кезеңге өтпей бір жерде оқитындарға қатысты болмақ. 

Қолданыстағы заң бойынша азаматтар отбасы жағдайына байланысты, білім алуды жалғастыру үшін, денсаулығы сыр берсе, тағы басқа да себептерге байланысты әскерге шақыруды кейінгі қалдыра алады. 

Шоу-бизнес

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жаңа жылдық әннің әуезімен әуежай алдында биледі, деп хабарлады madenipo...

Жаңалықтар

Жетісу облысында Алакөл аудандық сотымен Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығ...