Жыршы, әнші Шаттық Уатқанның шығармашылық кеші

МУЗЫКА
1983

Ұлттық дәстүрлі өнеріміз атадан балаға, ұстаздан шәкіртке ұласып табиғи жалғасын тауып келе жатқан құбылыс. Ұрпаққа ұлағат, шәкіртке аманат етілген халық өнері ұлттың тарихи тамырын тартқан рухани асыл құндылықтарымыздың қайнар көзі. Қазыналы өнерімізді сақтау және болашаққа жеткізу, ұрпаққа өнеге ету халқымыздың бойына сіңген қасиет. Ұлы өнерді ұлықтап, бүгінгі ұрпақа жеткізу мақсатында 19 ақпанда «Алатау дәстүрлі өнер театрының» дәстүрлі әнші- жыршысы Шаттық Уатқанның шығармашылық концерті өтті. 

Шаттық Уатқан 1994 жылы 28 сәуірде ҚХР–сында дүниеге келген. 2005 жылы атамекеніне отбасымен қоныс аударып, Алматы облысы Талдықорған қаласы Ескелді ауданы Абай ауылына тұрақтап 5 сыныбынан Талдықорған қаласындағы Дәнеш Рақышев атындағы дарынды балаларға арналған №3 өнер мектеп интернатында Ерболат Шалдыбековтан сабақ алған. Мектеп қабырғасын бітіргеннен кейін Т. Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Дәстүрлі ән» факультетінде Шолпан Даржанованың шеберханасынан оқыса, Нұрғиса Дауешовтен домбырадан сабақ алған. 

Осындай өнерлі тұлғалардан тәлім алған Шаттық Уатқан өз шығармашылық концертінің құрметті қонағы ретінде өз ұстаздарын назардан тыс қалдырмаған. ҚР мәдениет және спорт вице-министрі - Нұрғиса Маратұлы Дауешов, ҚР еңбек сіңірген артисі - Рамазан Стамғазиев, ҚР өнер қайраткері Ерболат Шалдыбеков және Мәдениет саласының үздігі, дәстүрлі әнші Шолпан Даржанова шәкіртінің шығармашылық концертінде өнеріне баға беріп, ұстаздық ыстық ілтипаттарын білдіре отыра шығармашылық табыстар тіледі. 

Шатттық Уатқан 2016 жылы 24 қарашада Алматыда өткен, Республикалық «Текті сөздің төресі» атты терме байқауынан бас жүлде алып арнайы Алатау дәстүрлі өнер театрына жұмысқа шақыртылған. 5 жылдың ішінде өнер иесі өзінің әнші-жыршылық репертуарын шыңдаумен қатар, актерлік қырынан да танылып жүргенін білеміз. Ол театр репертуарындағы алғашқы қойылымдардың бірі жыр алыбы – Жамбыл Жабаевқа арналған «Жыр-жолбарыс» музыкалық драмасындағы-жыршы бейнесі, «Абай-Тоғжан» музыкалық драмасында, балаларға арналған «Ғұрып» этно-композициялық қойылымында, «Мұқағали мен сырласу» сынды т.б. қойылымдар мен концерттерде өзінің әншілік-жыршылық өнерімен қатар актерлік қабілетін де шыңдап жүр. 

Кеш соңында «Алатау дәстүрлі өнер театрының» атынан арнайы алғыс хатпен театр директоры Р. Заитов көнеден келе жатқан дәстүрлі өнеріміздің ізін жалғап, театрдағы қызметін биік деңгейде атқарып келе жатқаны үшін, өнер жолындағы еңбегінің еселене беруіне алғысын айтып, марапаттады. 

«Алатау дәстүрлі өнер театрының» артистік-шығармашылық бөлім инспекторы Еренғайып Б. Б.

Арт-менеджер - Тойшыбекова З.Қ.

Жаңалықтар

12 мамырда Қазақстанның төрт қаласында қолайсыз ауа райы күтіледі, - деп хабарлайды madeniportal.kz....

Жаңалықтар

Жазушының алғашқы әңгімелері, очерктері, публицистикалық мақалалары 1952 жылы жариялана бастады, деп...