Ақпаратқа қол жеткізуді бақылау Мәдениет және ақпарат министрлігіне жүктеледі

Жаңалықтар
550

Заң жобасы аясында ақпаратқа қол жеткізу саласына мемлекеттік бақылау енгізіледі, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпаратқа қол жеткізу және қоғамдық қатысу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң бірінші оқылымда мақұлданды.

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Данияр Қадыров Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпаратқа қол жеткізу және қоғамдық қатысу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда таныстырды.

Ұлттық Банкті, соттарды және сот әкімшілігін қоспағанда, ақпарат иелері бақылау субъектілері болады. Нысандарға ақпараттық стендтер мен басқа да техникалық құралдар, ресми интернет-ресурстар, «электрондық үкімет» веб-порталының құрамдас бөліктері, сондай-ақ ашық отырыстардың онлайн-трансляциялары, жалпыға қолжетімді интернет-ресурста сақталған ашық отырыстардың жазбалары мен сілтемелері жатады.

Заң жобасында:

  •  ақпаратқа қол жеткізу құқығын заңсыз шектегені үшін мемлекеттік органдардың жауапкершілігін күшейту;
  •  ақпаратқа қол жеткізу саласында мемлекеттік бақылауды енгізу;
  • - ақпараттың ашықтығы презумпциясы мен ақпаратты проактивті түрде тарату қағидаттарын екіту;
  •  мүгедектігі бар адамдарға ақпаратқа қол жеткізу үшін қажетті жағдайлар жасау және т б. бағытталған нормалар ұсынылды. 

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...